Аймақтар • Бүгін, 13:34

Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтаудағы Маңғыстау атом энергетикалық комбинатының екі қызметкері жұмыс барысында тұз қышқылына күйіп қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды

Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің мәліметінше, оқиға 23 сәуір күні таңғы сағат 10:30 шамасында №1 цехта болған. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, екі жұмысшы негізгі ГТПИ-3 конденсаторын қышқылмен жуу жұмыстарын жүргізген. Тұз қышқылы ерітіндісі арнайы сорғы арқылы шлангпен берілген. Жұмыс аяқталып, сорғы сөндірілгеннен кейін шлангты ажырату кезінде қышқыл ерітіндісі шашырап, оның тамшылары жұмысшылардың беті мен көз аймағына тиген.

Ақтаудағы МАЭК-те екі жұмысшы қайнаған суға күйіп қалды

Зардап шеккендер медициналық көмек көрсету үшін Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді.

«Жазатайым оқиға туралы жұмыс беруші белгіленген тәртіппен мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментіне хабарлады. Қазіргі уақытта алынған жарақаттардың ауырлық дәрежесі бойынша медициналық қорытындыны күтіп отырмыз. Егер ауыр немесе топтық жазатайым оқиға белгілері анықталса, тергеу мемлекеттік еңбек инспекторының қатысуымен арнайы тексеру түрінде жүргізіледі», деді Маңғыстау облысы мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті басшысының міндетін атқарушы Бауыржан Кемалов.

Қызылордадағы балабақшада бүлдіршін қайнаған суға күйіп қалды

Соңғы жаңалықтар