Электрондық шот-фактураларды талдау сәбіз, картоп және қырыққабатқа қойылған сауда үстемелері рұқсат етілген нормалардан бірнеше есе асып кеткенін көрсетті.
Сәбіз: Павлодар облысындағы шаруа қожалығынан 170 тг/кг бағамен сатып алынған өнім 35%-ға дейін үстеме бағамен (230 тг/кг дейін) қайта сатылған.
Картоп: ақпан айында көлемі 30 тоннадан асатын партия Абай облысында 150 тг/кг бағамен сатып алынған. Наурызда бұл картоп Өскеменде 250–280 тг/кг бағамен сатылған. Нақты үстеме 70%-дан 86%-ға дейін жеткен.
Азық-түлік бағасын негізсіз өсірген кәсіпкерлер жауапқа тартылды
Қырыққабат: ауыл шаруашылығы өндірушілерінен 130 тг/кг бағамен алынған өнім 200–220 тг/кг бағамен сатылған. Үстеме 53%-дан 69%-ға дейін болған.
Аталған көкөністер кейін қосымша сауда үстемесімен «үй жанындағы» дүкендерде халыққа сатылған.
Аталған фактілер бойынша материалдар өңірлік комиссияның отырысында қаралды. Қазіргі уақытта жеке кәсіпкерге қатысты жоспардан тыс тексеруді тіркеу үшін материалдар дайындалып жатыр. Бұзушылықтар расталған жағдайда кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сондай-ақ көкөніс бағасын төмендету туралы нұсқама беріледі.
Атырауда азық-түлік бағасын негізсіз өсірген кәсіпкерлер жауапқа тартылды
ШҚО бойынша Сауда департаменті заңнамаға сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (ӘМАТ) қойылатын шекті сауда үстемесі 15%-дан аспауға тиіс екенін еске салды.