Теңге • Бүгін, 08:54

Бүгінгі теңге бағамы қандай?

1 мин
оқу үшін

Ұлттық банк 11 маусымға арналған ресми валюта бағамдарын жариялады. Оған сәйкес, доллар – 488,59 теңгені, еуро – 564,37 теңге, ал рубль – 6,79 теңгені құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгінгі теңге бағамы қандай?

Фото: istockphoto.com

Өткен күнмен салыстырғанда доллар бағамы 1,62 теңгеге төмендеді. 10 маусымда оның ресми бағамы – 490,21 теңге болған. Рубль бағамы да 6,81 теңгеден 6,79 теңгеге түсті.

Астанадағы айырбастау орындарында доллардың орташа сатып алу бағамы 485 теңгені, сату бағамы 491,92 теңгені құрады. Еуро 562 теңгеден сатып алынып, 570 теңгеден сатылып жатыр. Рубльді сатып алу бағамы орта есеппен 6,49 теңге болса, сату бағамы 6,80 теңгеге жетті. 

Алматы қаласындағы айырбастау орындарында доллардың орташа сатып алу бағамы 488,29 теңге, сату бағамы 490,19 теңге деңгейінде қалыптасты. Еуро 564–567,80 теңге аралығында саудаланып жатыр. Ресей рублі орта есеппен 6,56 теңгеден сатып алынып, 6,70 теңгеден сатылып жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:10

Тарихы терең рухани орда

Аймақтар • Бүгін, 09:05

«Ацтека». Доп. Дүбір!..

Футбол • Бүгін, 09:00

Рыбакина орнын сақтап қалды

Теннис • Бүгін, 08:58