Футбол • Бүгін, 10:48

Әлем чемпионаты: Алғашқы ойындарды қайдан және қашан көруге болады?

2 мин
оқу үшін

Бүгін Мексикада футболдан Әлем чемпионатының алғашқы матчы өтеді. Бірінші ойында Мексика мен Оңтүстік Африка Республикасы кездеседі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлем чемпионаты: Алғашқы ойындарды қайдан және қашан көруге болады?

Фото: fifa.com

Ойын алдында мундиальдің алғашқы ашылу салтанаты өтеді. Матч Астана уақытымен сағат 23:40-та басталады. Тікелей трансляцияны «Qazaqstan» телеарнасы көрсетеді.

Турнирде 48 құрама 12 топқа бөлініп, 104 ойын өткізеді. Топтық кезеңнің бірінші туры 18 маусымға дейін жалғасады.

12 маусым
• 00:00: – Мексика – Оңтүстік Африка Республикасы
• 07:00: – Оңтүстік Корея – Чехия

13 маусым
• 00:00: – Канада – Босния және Герцеговина
• 06:00: – АҚШ – Парагвай
• 09:00: – Аустралия – Түркия

14 маусым
• 00:00: – Катар – Швейцария
• 03:00: – Бразилия – Марокко
• 06:00: – Гаити – Шотландия
• 22:00: – Германия – Кюрасао

15 маусым
• 01:00: – Нидерланд – Жапония
• 04:00: – Кот-д’Ивуар – Эквадор
• 07:00: – Швеция – Тунис
• 21:00: – Испания – Кабо-Верде

16 маусым
• 00:00: – Бельгия – Мысыр
• 03:00: – Сауд Арабиясы – Уругвай
• 06:00: – Иран – Жаңа Зеландия
• 09:00: – Аустрия – Иордания

17 маусым
• 00:00: – Франция – Сенегал
• 03:00: – Ирак – Норвегия
• 06:00: – Аргентина – Алжир
• 22:00: – Португалия – Конго Демократиялық Республикасы

18 маусым
• 01:00: – Англия – Хорватия
• 04:00: – Гана – Панама
• 07:00: – Өзбекстан – Колумбия

Айта кетейік, Әлем чемпионатында Астана клубының жартылай қорғаушысы Иван Башич Босния және Герцеговина ұлттық футбол құрамасы сапында өнер көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар