Спорт • 22 Қараша, 2022

Бочча ойнап бейімделеді

382 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанайда ерекше балалар мен жасөспірімдерге пайдалы спорт түрі бочча үйірмесі ашылды. Паралимпиялық ойындар тізіміне енген бұл спорт түрі елімізде енді ғана дамып келеді.

Бочча ойнап бейімделеді

Үйірменің ашылуына «Тең мүм­кіндіктер әлемі» қоғамдық қоры мұ­рындық болып отыр. Қор директоры Нұргүл Үлжекованың айтуынша, бұл ойын өздігінен жүріп-тұруы қиын мүм­кіндігі шектеулі балалардың өмірге деген құлшынысын оятып, оңалып кетуіне септігін тигізеді.

– Елімізде ерекше балаларға арналған адаптивтік спорт секцияларының жұ­мысы жақсы жанданып келеді. Кем­тарлығы бар балалар мен жас­тарды белсенді өмірге бейімдейтін «Саламатты болашақ» әлеуметтік жобасы Қостанай облысында да жүзеге асырыла бастады. Басты мақсат – баланы спортқа қызықтыру арқылы ортаға бейімдеу, белсенді қимыл-қозғалысын қалыптастыру. Боччамен айналысқан баланың бұлшық еттері жақсы дамиды. Келесі жылы ақпан айында осы спорт түрінен облыстық жарыс ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз, – дейді Н.Үлжекова.

Бочча үйірмесіне ерекше қажет­тіліктері бар 30-дан астам бала тегін қатысатын болады. Жаңа үйірмеден ата-аналар да үміт күтеді.

– Үйірменің ашылатынын естігенде қатты қуандым. Қанша дегенмен бұл жерде баламның дамуына қажетті жағдай бар ғой, – дейді Юрий есімді ерекше баланың анасы Марина Хи­мичук.

Қостанайда тірек-қимыл аппараты зақымданған 250-ден астам бала бар.

 

Қостанай облысы