Аймақтар • 22 Қараша, 2022

Бірлігі бекем Шымқала

205 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Шымкент – еліміздегі өзіндік орны бар, тамыры тереңде жатқан көне шаһар. «Ұлысымның ұйытқысы – оңтүстік» деп қарымды қаламгер Қалтай Мұхамеджанов айтқандай, қазағы қалың, халқы қонақжай қала бекем бірлігімен, ырысты ынтымағымен мақтана алады.

Бірлігі бекем Шымқала

Статистикалық деректерге үңілсек, еліміздегі 1,1 миллионнан астам халқы бар үшінші мегаполис тұрғындарының 70 пайызға жуығы қазақтар болса, 30 пайызын түрлі этнос құрайды.

Тарихи жағдайлармен қазақ жеріне қоныс аударған сан ­алуан этностардың бүгінгі буыны өздерінің баянды болашағын қазақ жерімен байланыстырып, ғұмыр кешуде. Қалалық Ассамблеяның маңайына топ­тасқан әрі 70-тен астам этностың басын бір арнаға тоғыстырған 17 этномәдени бірлестік үнемі ел игілігіне бағытталған бастамаларды қолдап, қоғамдық келі­сім­ді сақтауға сүбелі үлес қосып келеді. Қоғамдық келісім мен жал­пыұлттық бірлік саласын­дағы мемлекеттік саясаттың ­аясында этнос өкілдері қала­ның қоғамдық-саяси, әлеумет­тік-экономикалық өміріне етене араласып, шаһардың өсіп-өр­кендеуіне атсалысып келеді.

Шымкенттегі 81 елді мекен­нің 23 шағын ауданында этнос өкілдері жинақы қоныстанған. Қалалық Ассамблея жанындағы Қоғамдық келісім кеңесі, Аналар кеңесі, Медиация кеңесі сынды құрылымдар осы аумақтарда­ғы тұрғындармен етене жұмыс жүргізіп, өзекті мәселелердің түйінін тарқату, дауласқан тарап­тарды ортақ мәмілеге келтіру, татуластыру және өзекті проблемаларды қамтыған ұсыныс-пікірлерді жергілікті атқарушы биліктің назарына ұсынып, халық пен билік арасында алтын көпір қызметін атқарып отыр.

Қалалық Ассамблеяның қата­рында абыройлы ақсақалдар, бел­сенді азаматтар, этнос ли­дер­лері, білім-ғылым, мәдениет сала­сындағы майталмандар мен жер­гілікті атқарушы және өкілді орган­дардың қызметкерлері бар. 100-ден астам азаматтың басын біріктіретін құрылым еліміздегі саяси реформаларды жүзеге асыру мен қоғамдық ортақ іс-әрекеттерден тыс қалған емес.

Бүгінде жергілікті Ассамблея мүшелеріне жүктелген мақсат-міндетті сапалы атқаруына ла­йықты жағдай жасалып, «Дос­тық үйі» қоғамдық-көпшілік жиындар мен түрлі форматтағы іс-шараларды ұйымдастыру ала­ңы ретінде қалыптасып үлгерді. Этнос­тардың мәдени мұраларын көпшіліктің жақыннан танып-білуі ұтымды үйлестіріліп, ша­ғын этномузей іске қосылды.

Этнобағыттағы мәдени ұйым­дар мен мемлекеттік орган­дар тұрақты бас қосатын «Достық үйі» жалпыұлттық бірлік­ті көз­дейтін тың жобаларды талқылап, ұтымды ұсыныстарды іске асыратын ашық алаңға айналды.

Республика күні қарсаңын­да осы ғимараттан ашылған «Бір­лік алаңы» 4 бағытта жұмыс жүргі­зіп, этномәдени бірлестіктер мен қо­ғамдық құрылымдардың қызме­тін ақпараттық тұрғыда қам­та­масыз етіп келеді. Ел бір­лігін бекемдеуге бағытталған халық­тық жобаларды талқылап, Ассамблеяның «Қазақтану» мә­дени-ағартушылық жобасын ілгері­летуге этнос өкілдерін жұ­мыл­дырып отыр.

Кеңсе жұмысының негізгі бір бағыты – мемлекеттік тіл саясатын тиімді іске асыру, қазақ тілін ұлтаралық қатынас тілі ре­тінде ілгерілету. Бұл бағытта да көптеген жоба қолға алынып, «Мың жүйрік», «Ұлт үні», «Тілтаным», «Мың бала», «Мен қазақша сөйлеймін» және т.б мәдени-ағартушылық жобалар жүзеге асырылды.

«Бірлік алаңында» этносая­сат саласында еңбек ететін маман­дардың білім-білігін арттыруға назар аударылып, елдегі саяси реформалар мен мемлекеттік саясаттың бағыттары туралы лек­торий мен оқыту семинарын өткізу жоспарда бар.

Шымкентте азаматтық біре­гейлік пен жалпыұлттық бір­лік­ті бекемдеу бағытында биыл 130-дан астам іс-шара ұйым­дастырылды. «Қазақтану» бағы­тында қолға алынған мазмұнды іс-шаралар этнос өкілдерін қазақ халқының маңайына топтастырып, мәдениетіміз бен тілімізді дәріптейтін тартымды бастамаға айналды. Жоба аясында қолға алынған «Мың жүйрік» онлайн байқауына ел аумағынан 500-ден астам бала қатысып, өз Отаны­ның мемлекеттік тілі мен тарихын терең меңгергенін көрсетті. «Ұлт үні» байқауында шы­райлы шаһардағы шығармашыл этнос жастарының әлеуетімен хал­қымыздың төл мәдениеті мен ұлттық өнері насихатталды. Жас таланттар өнерлері арқылы ішкі бірлікті бекемдеуге үлестерін қосты.

Ақпараттық жұмыстарды жүйе­леу және еліміздегі іске асып жатқан саяси реформа­лар­ды тұрғындарға түсіндіру бағы­тында қалалық Ассамблея тарапынан 230 материал жа­рия­лан­ды. Қоғамдық келісім кеңесі, Ана­лар кеңесі, Ғылыми-сарапшы­лық топ Мемлекет бас­шысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылап, негізгі мін­деттерді айқындады.

Қаладағы этнос өкілдері жи­нақы шоғырланған тұрғын алаптарында жыл басынан бері 82 кездесу өткізіліп, жергілікті жер­дегі ішкі тұрақтылық пен этнос­­аралық татулық жайы тұр­ғын­дардың қатысуымен талқыланды.

Жастар арасындағы құқық­тық тәрбие бойынша қала аума­ғындағы оқу орындарында өт­кен 55 кездесуде толерантты қоғамға тән басты аспектілер баян­далып, ортақ нормалар ұғын­дырылды. Азаматтардың мем­­лекет алдындағы азаматтық борышы және міндеттері сөз бол­ды. Жалпы, ақпараттық бағыт­тағы жұмыстар жергілікті Ассамблея жанындағы қоғамдық құрылымдардың әлеуетімен іске асты.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясында Ассамблеяның үш басымдығының бірі ретінде құқық қорғау қызметін күшейту, этно­медиацияны дамыту және оны кеңінен қолданысқа енгізуді жүктеді.

Қоғамда өзара сенімді нығайту арқылы диалог мәде­ние­тін қалыптастыру, құқық қор­ғау қызметін жандандыру мақ­сатында тиісті органдар­мен жұмыс жүргізіліп, этнос­ара­лық шиеленістер мен қақты­ғыс­тардың алдын алу бағытында атқарылатын профилактика­лық іс-шаралар пысықталды. Соның бірі – этномедиацияны дамыту және оны кеңінен қол­данысқа енгізу. Жалпы, медиация институтын дамыту ба­ғы­тында Шымкент қаласы ҚХА Медиация кеңесі аудан­дық әкімдіктермен және қалалық басқармалармен ынтымақтас­тық меморандумдарға қол қой­ды. Қалалық Ассамблея ала­ңын­да өңір медиаторлары тұ­рақ­ты негізде қоғамдық қа­был­дау ­акцияларын, «ашық есік» күндерін өткізеді, онда қала тұрғындары медиация инс­титутының барлық аспектісі бойынша тегін құқықтық кеңес ала алады.

Біз ішкі тұрақтылық пен этносаралық татулық арқылы қоғамдық келісімді сақтай ала­мыз. Бұл геосаяси ахуал күрде­леніп тұрған сын сағатта аса маңызды.

Бүгінде Қазақстан жаңа мем­лекеттік модельге, мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимы­лы­­ның жаңа форматына көшу­ді бастады. Басты қағидат ел бірлігі болып белгіленді. Бұл тұр­ғыда Шымкент қаласының тұрғындары берекелі бірлікті көздің қарашығындай қорғап, татулық пен ынтымақ жолын жал­ғауға лайықты үлес қосады деген сенімдемін.

 

Мұрат ӘЙТЕНОВ,

Шымкент қаласының әкімі,

қалалық ҚХА төрағасы