Пікір • 23 Қараша, 2022

Жеті жылға жасалған келісім

188 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлаудағы жеңісі Қазақстан тарихындағы халық пен мемлекеттік билік арасында жасалған алғашқы саяси келісім деп айта аламыз. Бұл жерде бір тұлғаның жеке триумфы туралы айтып отырған жоқпыз. Бұл – жүйелік нәтижесі, ірі саяси бастама.

Жеті жылға жасалған келісім

Қ.Тоқаевтың ең көп дауыс жинайтыны, қалған канди­даттардың бәсекеге түсе алмай­тыны әу бастан-ақ белгілі болды. Дегенмен «бәріне қарсы» бағанын ескерсек, Мемлекет басшысы ұсынған «Әділетті Қа­зақстан» бағдарламасын елі­міздің қанша азаматы қол-
дайтыны айқындалуға тиіс еді.

Сайлаушылардың жоға­ры дең­гейде қатысуы және Қ.То­қаевқа берілген дауыс әлеу­­мет­тік-құқықтық әділет­­ті­лік идеологиясы қазақстан­дық­тардың басым бөлігін қамты­ғанын аңғартады.

Бұл ауқымды жоспарды жүзе­ге асыруға, сол арқылы тарихи міндетті шешуге Мем­лекет бас­шысында жеті жыл уақыт бар. Қазақстанда 2029 жы­лы жаңа президент сайлануы Тоқаевтың автократия құруына тос­қауыл болады.

Қ.Тоқаев шектеулі мерзім ішінде сыртқы және ішкі сая­сат­тағы көптеген мәселені ше­шуге тиіс. Дипломатиялық алаңда Қытай мен Түркиядан мем­ле­кеті­міздің қауіпсіздігіне кепілдік алып, жоғары нәтижелерге қол жет­­кізді. Бірақ президенттің бола­шақ мұрасын бағалаудың кілті, әри­не, ішкі әлеуметтік-эконо­ми­ка­лық саясаттың тиімділігі бол­мақ.

Белгіленген мерзімге бай­ланысты және кез келген адам­ның ықтимал реваншистік ниетін ескере отырып, әділдік идео­логиясын жүзеге асыруға тек саяси ерік жеткіліксіз. Алғашқы елеу­лі нәтижелер келесі жылы-ақ көр­сетілуі керек. Сонда халық­тың Мемлекет басшысына арт­қан сенімі арта түседі.

 

Зағира БАЙСМАҚОВА,

Еуразиялық интеграция институтының сарапшысы