Қ.Тоқаевтың ең көп дауыс жинайтыны, қалған кандидаттардың бәсекеге түсе алмайтыны әу бастан-ақ белгілі болды. Дегенмен «бәріне қарсы» бағанын ескерсек, Мемлекет басшысы ұсынған «Әділетті Қазақстан» бағдарламасын еліміздің қанша азаматы қол-
дайтыны айқындалуға тиіс еді.
Сайлаушылардың жоғары деңгейде қатысуы және Қ.Тоқаевқа берілген дауыс әлеуметтік-құқықтық әділеттілік идеологиясы қазақстандықтардың басым бөлігін қамтығанын аңғартады.
Бұл ауқымды жоспарды жүзеге асыруға, сол арқылы тарихи міндетті шешуге Мемлекет басшысында жеті жыл уақыт бар. Қазақстанда 2029 жылы жаңа президент сайлануы Тоқаевтың автократия құруына тосқауыл болады.
Қ.Тоқаев шектеулі мерзім ішінде сыртқы және ішкі саясаттағы көптеген мәселені шешуге тиіс. Дипломатиялық алаңда Қытай мен Түркиядан мемлекетіміздің қауіпсіздігіне кепілдік алып, жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Бірақ президенттің болашақ мұрасын бағалаудың кілті, әрине, ішкі әлеуметтік-экономикалық саясаттың тиімділігі болмақ.
Белгіленген мерзімге байланысты және кез келген адамның ықтимал реваншистік ниетін ескере отырып, әділдік идеологиясын жүзеге асыруға тек саяси ерік жеткіліксіз. Алғашқы елеулі нәтижелер келесі жылы-ақ көрсетілуі керек. Сонда халықтың Мемлекет басшысына артқан сенімі арта түседі.
Зағира БАЙСМАҚОВА,
Еуразиялық интеграция институтының сарапшысы