
ПД мәліметінше, оқиға 13 желтоқсан күні Бәйтерек ауданы аумағында болған.
«Шамамен сағат 12.00-де Садовое ауылы маңында Шаған өзеніндегі мұздың үстінен ер адамның мүрдесі табылды. Оның денесінде зорлық-зомбылық белгілері болмаған. Ер адамның кім екені анықталды. Мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді», делінген ПД хабарламасында.
Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.