Мектеп • Бүгін, 14:41

Жоғары сынып оқушылары емтихандарды қай күндері тапсыратыны белгілі болды

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан мектептерінде төртінші тоқсан 25 мамырда аяқталады. Оқу жылының аяқталуына санаулы күндер қалғандықтан, мектептерде бөлімдік және тоқсандық жиынтық бағалау өтіп, қорытынды аттестаттауға дайындық басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жоғары сынып оқушылары емтихандарды қай күндері тапсыратыны белгілі болды

Фото: еlements.envato.com

Оқу-ағарту министрінің бұйрығына сәйкес, 9-сынып оқушыларының қорытынды емтихандары 29 мамыр – 11 маусым аралығында,  ал 11 (12)-сынып түлектерінің мемлекеттік емтихандары 2-15 маусым күндері өтеді.

9-сынып оқушылары мына пәндерден емтихан тапсырады:
– 29 мамыр – математикадан (алгебра) жазбаша емтихан;
– 3 маусым – таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан;
– 8 маусым – қазақ тілі немесе орыс тілі және ұйғыр/тәжік/өзбек тілінде оқытатын мектептердегі ана тілі бойынша эссе;
– 11 маусым – қазақ тілі мен әдебиеті немесе орыс тілі мен әдебиеті пәндерінен жазбаша емтихан.

Қазақстанда негізгі ҰБТ басталды

11 (12)-сынып түлектері үшін емтихан кестесі төмендегідей:
– 2 маусым – Қазақстан тарихынан ауызша емтихан;
– 5 маусым – алгебра және анализ бастамаларынан жазбаша емтихан;
– 9 маусым – оқыту тілі бойынша жазбаша емтихан;
– 12 маусым – таңдау пәні бойынша емтихан;
– 15 маусым – қазақ тілі мен әдебиеті немесе орыс тілі мен әдебиеті пәндерінен жазбаша емтихан.

Сонымен қатар 5-8 және 10-сынып оқушылары мамыр айының соңында қазақ тілінен емтихан тапсырады.

ҰБТ форматы өзгереді: Енді талапкерлер бір-ақ рет тест тапсырады

 

Соңғы жаңалықтар

Өзі оқымас – оқытпас

Пікір • Бүгін, 13:45

Инженерия баспалдағы

Digital • Бүгін, 13:10