Пікір • 25 Қараша, 2022

Міндеттерін жоғары деңгейде атқарды

196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының қауіпсіздік күштері Қазақстан халқының сайлау кезіндегі еркін болуы үшін қауіпсіздікті, бейбітшілік пен тыныштықты қамтамасыз етті, жұмыстары жоғары деңгейде үйлестірілгендігін және ауқымды жұмыс атқарылғанын атап өткім келеді.

Міндеттерін жоғары деңгейде атқарды

Терроризммен күрес – көзге көрін­бейтін майдан. Құқық қорғау органдары белгілі бір кедергілерге тап болып, сәтсіздікке ұшырамайынша, оны көрмейміз де, сезбейміз де. Осы сайлауда Қазақстанның құқық қорғау органдары өз міндеттерін жоғары деңгейде атқарды.

Саяси науқан қарсаңында Шанхай ынтымақтастық ұйымының аймақтық лаңкестікке қарсы құрылымы лаң­кестік күштердің елдегі жағдайды тұрақ­сыз­дандыруға бағытталған әрекеттері туралы ақпарат алып, оның және өзге де барлық арандатушылық әрекеттердің жолы кесілгенін атап өтемін. Кінәлілер ұсталды, олар жауапкершілікке тартылады. Қазақстан халқының өзінің жарқын болашағын саналы түрде таңдауына толық мүмкіндік жасалды.

 

Артур ГОЛОВАНОВ,

Шанхай ынтымақтастық ұйымының аймақтық антитеррорлық құрылымының өкілі