Терроризммен күрес – көзге көрінбейтін майдан. Құқық қорғау органдары белгілі бір кедергілерге тап болып, сәтсіздікке ұшырамайынша, оны көрмейміз де, сезбейміз де. Осы сайлауда Қазақстанның құқық қорғау органдары өз міндеттерін жоғары деңгейде атқарды.
Саяси науқан қарсаңында Шанхай ынтымақтастық ұйымының аймақтық лаңкестікке қарсы құрылымы лаңкестік күштердің елдегі жағдайды тұрақсыздандыруға бағытталған әрекеттері туралы ақпарат алып, оның және өзге де барлық арандатушылық әрекеттердің жолы кесілгенін атап өтемін. Кінәлілер ұсталды, олар жауапкершілікке тартылады. Қазақстан халқының өзінің жарқын болашағын саналы түрде таңдауына толық мүмкіндік жасалды.
Артур ГОЛОВАНОВ,
Шанхай ынтымақтастық ұйымының аймақтық антитеррорлық құрылымының өкілі