Әдебиет • Бүгін, 16:20

Мұхтар Әуезовтің 1950 жылы тоғызқұмалақ ойнап отырған суреті табылды

1 мин
оқу үшін

Қазақ руханияты үшін аса құнды тарихи дерек – 1950 жылы түсірілген Мұхтар Әуезовтің тоғызқұмалақ ойнап отырған фотосуреті табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мұхтар Әуезовтің 1950 жылы тоғызқұмалақ ойнап отырған суреті табылды

Фото: Фейсбук әлеуметтік желісінен

Көпшілікке беймәлім болып келген дерек ұлттық зияткерлік ойын тарихына қатысты маңызды олжа ретінде бағаланып отыр.

«Бұған дейін біз Кеңес идеологиясы қысымымен мәдени мұрадан, оның жарқын үлгісі тоғызқұмалақтан айырыла жаздағанымызда ұлттық зияткерлік ойынымызды қайта жандандырудың басы қасында Мұхтар Әуезов, Қалибек Қуанышбаев , Сәрсен Аманжолов секілді ұлы тұлғалар болғанын білетінбіз. Енді, міне, соның бейне дәлелі табылды», деп жазды Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының президенті, қоғам және мемлекет қайраткері Әлихан Байменов.

Оның айтуынша, қазіргі таңда суреттің түпнұсқасы мен түсірілген орнына қатысты зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Құнды мұраны «Алматыкітап» баспасының президенті Гаухар Саймасаеваға тауып, Қазақстан тоғызқұмалақ федерациясы вице-президенті, BINOM мектептер жүйесінің басшысы Шолпан Қадыроваға хабар берген.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының 100 жылдығына орай, Алматы музейінде «Ғасыр жасаған Ұлт театры» атты көрме ашылған болатын.

Соңғы жаңалықтар