Коронавирус • 10 Желтоқсан, 2022

Өткен тәулікте 218 адам коронавирус жұқтырған

254 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен тәулікте 218 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өткен тәулікте 218 адам коронавирус жұқтырған

Сонымен қатар 1 725 адам коронавирус инфекциясынан (–1 510+ және 215 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 263 пациент стационарда, 1 462 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 7 адамның жағдайы ауыр,
  • 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.