Руханият • 16 Желтоқсан, 2022

Ғылым абызының батасы

377 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тоқсанның төрінде тұрып, Алла бұйыртқан аман­дыққа шүкіршілік айтып, елдегі 19 миллионнан асқан хал­қымыздың, әлемде 16 мил­лионға жеткен қазақ ұлтының береке-бірлігін тілеп:

Біріншіден, Қазақ елі шынайы жаңара берсін, әділеттіліктің ақ туын көтеріп, ата-баба жолынан, дәстүрден айнымасын, жастарымыз биік асуларды бағындырсын деймін.

Ғылым абызының батасы

 

Екіншіден, азаттық – ғасырлар бойы аңсаған арманымыз еді. 1990 жылы 25 қазандағы Егемендік декларациясы, 1991 жылы 16 желтоқсанда әлемге жария еткен тәуелсіздігіміз баянды болсын. Ертеде «еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін» деуші еді, сол айтқандай, бәріміз Қазақстан үшін қызмет етейік.

Үшіншіден, Желтоқсан – қастерлі және қасиетті ай. Алаш автономиясының желтоқсаны, Қазақ авто­но­миялық республикасының желтоқсаны, тоталитарлық кеңес билігінің іргесін шайқаған Желтоқсан көте­рілісі – тарихтың жарқын беті. Мен «Азаттық жолын­да шейіт кеткен ата-бабамыз­дың, аға-апамыздың, заман­дастарымның, іні-қарындас­тарымның, балаларым мен немерелерім құралыптас жастардың алды – пейіш, арты кеніш болсын!» деймін.

 

Қазақстанның дəулеті таса берсін,

Дұшпаны қырдан үркіп қаша берсін.

Әділет пен ар-намыс серік болып,

Құдайым ел маңдайын аша берсін!

 

Досмұхамед Кішібеков, 

97 жастағы майдангер,

ҰҒА академигі