Пікір • 26 Қаңтар, 2023

Газетті жеткізудің күрделі түйіні

227 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақпараттық технологияның қарыштап дамуына қарамастан, мерзім­ді басылымдарға деген жазылым әлі де жүргізіліп жатыр. Егер статис­тикаға көз жүгіртсек, оның басым бөлігі елдімекен тұрғындары екенін көреміз. Әрине, жыл өткен сайын, газет-журналдардың тираж саны да азаюда. Десек те биыл республикалық басылымдарға – 17 000 880, ал жергілікті газет-журналдарға 19 000 369 жазылым бар.

Газетті жеткізудің күрделі түйіні

Ұлттық пошта операторының назарға қойған басты міндеті – жеткізу қызметінің сапасын арттыру. Мерзімді баспасөз өкілдерінен де дәл осы мәселе жөнінен сұрақ көп екенін білеміз. Бұл біз үшін де өткір проблема. Өйткені жеткізу қызметін көбінесе пошташылар іске асырады. Бүгінде республика бо­йынша олардың саны небәрі 3 мыңға жуық. Өткен жылы бұл мәселені күн тәртібіне қойғанымыздың нәтижесінде биыл олардың еңбекақысы 25 пайызға артты. Бұл да сапалы қызмет көрсетуге өз әсерін тигізетіні белгілі.

Сондай-ақ бізге жергілікті жерден мамандарды табу қиынға түседі. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін жұмысымыздың кейбір тұстарын автоматтандыруды ойластырып жатырмыз. Осылайша қандай мекемелерге қай уақытта жеткізілгенін біліп отырамыз.

Биылға жүктелген тағы бір міндет – жазылымды интернет арқылы жүргізу. Өткен жылы осы бағыттағы жұмыстарды бастадық, биыл толығымен жүйелеп, аяқтауды көздеп отырмыз. Бұл да біздің қызметімізді жеңілдетуге сеп болар еді. Яғни бұрынғыдай тұрғындар пошташыны күтіп отырмайды. Үйлерін де отырып-ақ, қызметтерді өз бетінше жүзеге асырады.

 

Сәуле ӘБІЛБАЕВА,

«Қазпошта» АҚ басқармасының пошта қызметі жөніндегі директоры 

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024