Әлем • 30 Қаңтар, 2023

Оңтүстік Африкадағы жаппай атыстан сегіз адам қайтыс болды

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оңтүстік Африканың Шығыс Кейп қаласында жексенбі күні атыс болып, сегіз адам  қайтыс болды. Тағы үшеуі жараланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оңтүстік Африкадағы жаппай атыстан сегіз адам қайтыс болды

Жергілікті полиция қызметкерлерінің айтуынша, алдын ала тергеу барысында белгілі болғандай, кешкі сағат 17:15 пен 17:30 аралығында үй иесінің туған күні өтіп жатқан үйдің ауласына қарулы екі адам кіріп, бей-берекет оқ жаудырған.

«Үш әйел мен төрт ер адам оқиға орнында көз жұмды, тағы екі әйел мен екі ер адам ауруханаға жеткізілді», деді Шығыс Кейп полициясының өкілі Присцилла Найду.

Оның айтуынша, зардап шеккендердің бірі ауруханада көз жұмды. Зардап шеккендердің арасында үйдің иесі де бар.

Полиция күдіктілерді іздеп, шабуылдың мән-жайын анықтап жатыр. Қаза болғандар мен зардап шеккендердің кім екені әлі анықталмады.