Жергілікті полиция қызметкерлерінің айтуынша, алдын ала тергеу барысында белгілі болғандай, кешкі сағат 17:15 пен 17:30 аралығында үй иесінің туған күні өтіп жатқан үйдің ауласына қарулы екі адам кіріп, бей-берекет оқ жаудырған.
«Үш әйел мен төрт ер адам оқиға орнында көз жұмды, тағы екі әйел мен екі ер адам ауруханаға жеткізілді», деді Шығыс Кейп полициясының өкілі Присцилла Найду.
Оның айтуынша, зардап шеккендердің бірі ауруханада көз жұмды. Зардап шеккендердің арасында үйдің иесі де бар.
Полиция күдіктілерді іздеп, шабуылдың мән-жайын анықтап жатыр. Қаза болғандар мен зардап шеккендердің кім екені әлі анықталмады.