Теннис • 31 Қаңтар, 2023

Заңғар биіктен көрінді

263 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның жас әрі болашағынан көп үміт күттіретін теннисшісі Заң­ғар Нұр­­ланұлы алғаш рет жастар ара­сын­­дағы ITF Juniors турнирінде топ жарды.

Заңғар биіктен көрінді

Бұған дейін жасөспірімдер арасындағы додаларда сан мәрте дараланып, мықтылығымен теннис мамандарының көзіне түскен Заң­ғар өткен жылдың желтоқсанынан бері жоғары санатқа ауысып, бүгінде ITF Juniors турнирлерінде өнер көрсетіп жүр.

Жуырда отандасымыз Словакияның Трнава қаласында жалауы желбіреген 18 жасқа дейінгі теннисшілер арасындағы додада барлық қарсыласын тізе бүктіріп, жаңа жас санатындағы өзінің алғашқы ірі жеңісіне қол жеткізді. Ол финалда жергілікті теннисші Даниэл Балашекпен шеберлік байқасып, үш сетке жалғасқан матчта 6:4, 3:6, 6:2 есебімен басым түсті.

Заңғар былтырғы теннис маусымын Tennis Europe рейтингінде үздік ондықтың ішінде аяқтап, ұзақ уақыт чемпиондық кестеде көш бастаған-ды.