Қазақстанның жас әрі болашағынан көп үміт күттіретін теннисшісі Заңғар Нұрланұлы алғаш рет жастар арасындағы ITF Juniors турнирінде топ жарды.

Бұған дейін жасөспірімдер арасындағы додаларда сан мәрте дараланып, мықтылығымен теннис мамандарының көзіне түскен Заңғар өткен жылдың желтоқсанынан бері жоғары санатқа ауысып, бүгінде ITF Juniors турнирлерінде өнер көрсетіп жүр.
Жуырда отандасымыз Словакияның Трнава қаласында жалауы желбіреген 18 жасқа дейінгі теннисшілер арасындағы додада барлық қарсыласын тізе бүктіріп, жаңа жас санатындағы өзінің алғашқы ірі жеңісіне қол жеткізді. Ол финалда жергілікті теннисші Даниэл Балашекпен шеберлік байқасып, үш сетке жалғасқан матчта 6:4, 3:6, 6:2 есебімен басым түсті.
Заңғар былтырғы теннис маусымын Tennis Europe рейтингінде үздік ондықтың ішінде аяқтап, ұзақ уақыт чемпиондық кестеде көш бастаған-ды.
Қазақ балуандары – Азия чемпионатының жеңімпаздары
Спорт • Бүгін, 15:38
Мемлекет басшысы Ерлан Қошановты қабылдады
Президент • Бүгін, 15:34
Мәдениет саласының ардагерлеріне әлеуметтік көмек көрсетіледі
Мәдениет • Бүгін, 15:20
Индустриялық даму комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 15:10
Алматыда қайыр сұрап, құлдықта болған зейнеткерге көмек көрсетілді
Аймақтар • Бүгін, 15:08
Елордада Мемлекеттік рәміздер күніне орай онлайн конкурс өткізіледі
Елорда • Бүгін, 14:51
Ұқсас жаңалықтар