Қазақстан • 03 Ақпан, 2023

Премьер-министр трансшекаралық электронды құжат айналымын дамытуды ұсынды

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов «Цифрлы Алматы» форумында трансшекаралық электронды құжат айналымын дамыту және тарату үшін барлық жағдай жасау қажет деп мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Премьер-министр трансшекаралық электронды құжат айналымын дамытуды ұсынды

«Логистикалық компанияларға қолайлы жағдай жасау мақсатында Қазақстанда электронды көлік құжаттарына көшу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Біз ЕАЭО аясында барлық шетелдік рұқсат бланкілерін электронды форматқа ауыстыруды ұсынамыз. Қағаз айналымын алып тастау сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады, сауданың ашықтығын арттырады және ең бастысы, бизнеске өз шығындарын оңтайландыруға мүмкіндік береді», деді Үкімет басшысы.

Премьер-министрдің айтуынша, бүгінде ЕАЭО елдерінің өзара сауда саласындағы электрондық өзара іс-қимылы өзекті мәселе болып қала береді.

«Осы және басқа да мәселелер цифрландыру саласындағы бірлескен жұмысымыздың маңызды бағыттары болып саналады. Цифрлық күн тәртібінің негізгі басымдықтарын іске асыру ашық және тең құқылы ынтымақтастыққа және экономикалық, технологиялық және әлеуметтік дамудың жаңа деңгейіне өтуге ықпал етеді», деп толықтырды Премьер-министр.