Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙҚЫЗЫ
Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
1857 материал табылды

Қаржы • 01 Мамыр, 2024

Арзандамайтын алтын табысты еселеудің амалы ма?

Қолдағы басы артық ақшаны айналымға салар қаржы құрал­дары көз алдымызда әрта­раптандырылып жатыр: банк салымы, акция, облигация, фью­черстер. Солардың арасында алтынның маңызы ерекше. Оның құнын жоғалтқан кезі аз. Осы аптада сынамалы алтынның 1 троя унциясы 3000 долларға дейін көтеріледі деген пікір батылырақ айтылып кетті. Қазіргі баға – 2 391 доллар.

Қаржы • 01 Мамыр, 2024

Қаржы нарығы жасанды интеллектіге ден қойды

Ұлттық банк (ҰБ) және Ұлттық төлем корпорациясы «Қазақстанның қаржы нарығындағы жасанды интеллект: қазіргі ахуалы, келешегі және реттеу тәсілдерін талдау» баяндамасын жариялады. Баяндама «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) қатысуымен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірге әзірленген.

Қазақстан • 25 Сәуір, 2024

Ресеймен жүк тасымалы артады

Бүгін, Алматыда өткен «ESE ASIA-2024» халықаралық контейнерлік форумында соңғы бір жылда компанияҚазақстан мен Ресей арасындағы контейнерлік тасымалдау көлемін айтарлықтай арттырғаны айтылды, деп жазады Egemen.kz.

Депозит • 24 Сәуір, 2024

Бала болашағын «AQYL»-мен бастаңыз

Биылдан бастап «Отбасы банк» мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің (ББЖЖ) қатысушысы болды. Оның шеңберінде азаматтарымыз сенімді ипотекалық банкте «AQYL» атты білім беру жинақтау салымын аша алады. Салым отандық немесе шетелдік білім беру мекемелерінде оқу ақысын төлеуге арналған.

Отбасы • 24 Сәуір, 2024

Отбасын сақтаудың өзектілігі

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Заңда отбасы институтын нығайту мақсатында адам денсаулығына жеңіл түрде зақым жасалғаны үшін жаза қатаңдады. Оған қоса неке құру, отбасын сақтауға қатысты жаңа ұстанымдар қарастырылды. Әйел мен баланы қорғау, отбасылық мәселелер бойынша байланыс орталықтарының құқықтық негіздері айқындалды.

Қаржы • 23 Сәуір, 2024

Қаржы секторындағы ахуал

Ұлттық банк (ҰБ) наурыз айында Ұлттық қордан 748 млн доллар сатқан. Сәуір айындағы көрсеткішті 1-1,1 млрд долларға жеткізуді көздеп отыр. Демек күн сайын айналымға 50 млн доллардан жібереді. Валюта сатудан түскен қаражат республикалық бюджетке трансферт ретінде түседі. Сәуірде БЖЗҚ үшін шетел валютасын сатып алу 450-500 миллион долларды құрайды.

Қаржы • 23 Сәуір, 2024

Зейнетақы қорының 500 млрд теңгесі экономика еншісіне тиеді

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) триллиондаған теңгеге көз салатындар көбейіп барады. Ұлттық банк (ҰБ) төрағасы Тимур Сүлейменов БЖЗҚ активтері екінші деңгейлі банктердің ұзақмерзімді облигацияларына инвестициялануы мүмкін екенін, бұл тәсіл салымшыларға да, экономикаға да пайда әкелетінін өткен жылғы қарашада хабарлаған. Ал 2024 жылдың басында Үкіметтің нарыққа облигациялармен шығуы үшін қолайлы сәт туды: Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендетуге кірісті. Мөлшерлеменің қазіргі деңгейі – 14,75 пайыз. Демек Ұлттық банкке БЖЗҚ активіне қатысты ойын ережесін өзгертуге себеп жоқ. Алдағы уақытта БЖЗҚ акивтеріне қатысты «инвестициялық келісім» жалғаса береді.

Қаржы • 23 Сәуір, 2024

Қос биржаның қосылуы: тәуекел ме, мүмкіндік пе?

Бұл әңгіме шыққалы бері сарапшылар арасындағы әңгіме екі биржа арасындағы түйісу нүктелеріне, біріктірілгеннен кейінгі жағдайының қалай боларына бағытталған болатын. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов өткен апта соңында журналистермен кездескен кезде AIX және KASE биржаларының келесі жылға дейін қосылатынын айтты.

Экономика • 20 Сәуір, 2024

Несиеге тәуелділік заңмен реттеледі

Халықтың екінші деңгейлі банктерден алған несиесі – 17,2 триллион теңгеден, қызыл сызықтан асып кетті. Мұның деңгейін төмендетуге бағытталған шаралар туралы осыған дейін жазғанбыз. Енді бұл мәселе заң шеңберінде реттеледі.  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірледі, деп жазады Egemen.kz. 

Шаруашылық • 20 Сәуір, 2024

Фермерге қолжетімді балама әдіс қажет

Ауыл шаруашылығында топырақты пестицидтерден тазартудың қауіпсіз технологияларын зерделеу мәселесі өзекті болып отыр. Түйткіл Алматыда өткен ластанған ауылшаруашылық топырақ­тарының био және фиторемедиациялық технологиялары халық­аралық конференциясында талқыланды. Спикерлердің айтуынша, су тас­қынының мемлекеттер шекарасынан шығып кетуі зерттеудің бұрыннан қалыптасқан қолданбалы жүйесін бұзып жіберді.