Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙҚЫЗЫ
Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
2028 материал табылды

Банк • 27 Ақпан, 2025

Қазақстанның Ұлттық банкі талдау орталығын құрады

Ұлттық банк Қазақстандық орнықтылық қоры (ҚФУ) базасында елдің экономикасын бағалайтын және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру туралы ел басшылығына (президент пен үкіметке) ұсынымдар беретін талдамалық орталық құрады, деп жазады Egemen.kz.

Қаржы • 27 Ақпан, 2025

Ақша базасы азайды

Ұлттық банк қаңтар айында айналымдағы ақша базасын 4,1%-ға азайтып, 594,3 млрд теңгені «жұтып қойды». Реттеуші сайтында жарияланған құжатта көрсетілгендей, бір айда ақша базасы 14 трлн теңгеге дейін төмендеді.

Салық • 27 Ақпан, 2025

ҚҚС: Нарыққа балық емес, қармақ керек

Қосылған құн салығы мөлшерлемесінің қым­баттауына қатысты әлі нақты шешім айтыл­ған жоқ. Әуелде 20 пайыз делінген мөлшерлеме кейін 16 пайыз меже­сінде белгіленетін се­­кіл­ді. Ұлттық экономи­ка министрі Серік Жұманғарин өткен аптада Алматыға келген сапарында 16 пайызға да дайындық бар екенін айтты. Министрдің айтуынша, инфляция қазіргі деңгейден 3-3,5 пайыздан аспауы керек. 20 пайыздық деңгейдегі индексация жағдайында 800 млрд теңге керек еді. Бірақ бюджетке кіретін қаржы одан да көп. Қазір 16 пайыздық деңгейдегі керек қаржы – 600-650 млрд теңге. Қысқасы, Үкі­метте осыған де­йін ай­тылып келген 16-20 па­йыз жағдайын­д­а қан­дай шешім қабыл­дау қа­жеттігіне бағдар беретін карта бар. Одан төмен­гі пайызда жағдайымыз­дың қандай болатынын айқындайтын карта әлі ашылған жоқ.

Экономика • 26 Ақпан, 2025

Қымбат теңге халыққа қажет болғанмен, нарыққа қажет емес

Әлсіз валюта саясаты экспорттық кірістер жоғары болғанша өзектілігін сақтайды. Теңге рубльдің нығаюына қарамастан тұрақты әлсіздігін сақтап отыр және теңгенің нығаюы Ұлттық банктің басымдықтарына кірмейді.

Теңге • 26 Ақпан, 2025

Теңге бағамын алтын күшейте ме?

Қаржы секторындағы жағдай аумалы-төкпелі. Былтыр күзден бері теңге бағамы жайлы аймақтан шығып, 8%-ға құнсызданды. Осыған дейін бұл мәселені интервенция арқылы шешіп келген Ұлттық банк енді теңгені алтынның күшімен қуаттандырмақ.

Өндіріс • 26 Ақпан, 2025

Жергілікті тауардың үлесі жоғары

Жиһаз өндірісі озық технологияларды енгізуімен ерекшелене бас­тады. Инновациялық материалдар мен смарт технологияларды пайдалану жиһазды бірегей және сұранысқа ие етеді. Бас кеңсесі Алматыда орналасқан «ДСП Центр» кәсіпорны жиһаз өндірісінде смарт технология­ны қолданысқа енгізген компания­лардың алғашқы үштігіне кірген.

Банк • 21 Ақпан, 2025

ҚҚС бойынша қайтарымды бес есе жылдам алуға болады

Экспорттаушылар арнайы бағдарламаланған цифрлық теңгені пайдалану кезінде кіріс ҚҚС қайтаруды салықтық тексерулерсіз екі апта ішінде рәсімдей алады. МКК хабарлағандай, бұл механизм өткен жылдың соңынан бастап жұмыс істеп келеді, деп жазады Egemen.kz.

Экономика • 21 Ақпан, 2025

Инфляция 8,9% -ға дейін жеделдеді

Ұлттық банк жариялаған деректерге сәйкес 2025 жылғы қаңтарда инфляция жылдық көрсетуде 8,9% -ға дейін жеделдеді, деп жазады Egemen.kz.

Банк • 21 Ақпан, 2025

Ұлттық банк 4.6 млрд доллар табыс тапты

2024 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық қордың валюталық активтері $58,8 млрд (31 желтоқсандағы бір доллар үшін 524 теңге бағамы бойынша 30,8 трлн теңге) құрады. Инвестициялық кіріс $4,6 млрд (2,4 трлн теңге) немесе 7,6% деңгейінде қалыптасты. Бұл туралы Egemen.kz  Ұлттық банк  таратқан деректерге сілтеме жасап хабарлайды.

Экономика • 21 Ақпан, 2025

KASE жаңа нарыққа бет түзеді

Енді біздің азаматтарда БАӘ мен Парсы шы­ғанағы елдері компания­сы­ның құн­ды қағаздарына инвестиция салу мүмкіндігі пайда болды. Бұл Қа­зақ­­стан қор биржасының (KASE) «Tabadul Digital Exchange Hub» жүйесі ар­қылы «Abu Dhabi Exchange»-бен (ADX, цифрлық алаңды жасаушы) тиіс­ті келісімге қол қоюынан кейін жүзеге асты.