Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙҚЫЗЫ
Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
224 материал табылды

Инфляция • 19 Желтоқсан, 2025

Инфляцияға қарсы күрестің ұтымды тәсілі

Қарашада елімізде жылдық инфляция 12,4% болды. Жылдық инфляция 11 өңірде баяулады, 5 өңірде жеделдеп, 4 өңірде бұрынғы деңгейде қалды.

Экономика • 18 Желтоқсан, 2025

Қолдағы қазынаны ұқсата алмай жүрміз

Қазақ елі Менделеев кестесінде түзілген элементтердің 99-ына малынып-ақ тұр. Бірақ жерасты байлығын дұрыс ұқсата алмай жүргеніміз – елдігімізге сын. Жел турбиналарынан бас­тап, смартфон мен жойғыш ұшақтарға дейін қолданылатын минералдар қоры – шикізатқа тәуелділіктен құтылудың бас­ты тетігі. Биыл сирек кездесетін металдардың тағы бір бөлігі мемлекетімізде табылды деуі мұң екен, әлемнің назары елімізге ауды.

Қаржы • 09 Желтоқсан, 2025

Теңге бағамы қаншалықты тұрақты?

Ұлттық банк ел экономикасында айналыста жүрген артық ақшаны тазалауға шындап кірісті. Сол үшін ең төменгі резервтік талаптарды күрт көтерді. Бұл шаралар нарықтан инфляциялық қысымды алып тастап, ұлттық валютаға деген сенімді нығайтады.

ЖОЛДАУ • 25 Қараша, 2025

Мемлекеттің экономикадағы үлесі: Нарық талабы не дейді?

Халықаралық валюта қоры миссиясы ел экономикасында артық жүктеме байқалуы мүмкін деп жобалап отыр. Қор дерегінше, 2025 жылы ІЖӨ мұнай өндірісі мен ішкі сұраныс есебінен 6%-дан жоғары өседі. Алайда инфляция 13%-дан асып кеткен. Бұған жұмсартылған бюджет саясаты, тұтынушылық несиелердің өсуі, Ұлттық қордан бөлінетін ірі трансферттер себеп болған.

Экономика • 22 Қараша, 2025

Қаржы нарығы: сын-қатер мен мүмкіндік

Қаржыгерлер конгресі макроэкономикалық саясат пен қаржы саласындағы ең өзекті мәселелерді талқылайтын басты диалог алаңына айналды. Осымен он үшінші рет өтіп жатқан конгрес қатысушылары қаржы секторын ырықтандыру мен оның экономикалық өсімге тигізетін әсері жөнінде пікір алмасты.

Қаржы • 15 Қараша, 2025

Қаржы ұйымындағы технологиялық түрлену

Жасанды интеллект технологиялық тренд қана емес, қаржы секторындағы нақты өзгерістердің қозғаушы күшіне айналды. Цифрлық трансформация аясында дәстүрлі банктік қызмет түрлері автоматтандырылып, деректерге негізделген басқару моделіне көшу жеделдеді.

Өндіріс • 14 Қараша, 2025

Сенімнен қымбат құндылық жоқ

Кронен-тығын – шыны бөтелкені жабатын металл қақпақ. Ол газды сусындардың сапасын сақтауға көмектеседі. Бұрын бұл қақпақтар елімізге шетелден әкелінетін еді. Қазір ол өзімізде шығады. 2016 жылы «Ala Sintez» ЖШС кронен-тығын өндірісін іске қосты. Қысқа мерзім ішінде бұл салада Орталық Азиядағы өндірушілер арасында көшбасшы орынға ие болды.

Сұхбат • 07 Қараша, 2025

Данна ҚАРАҒҰСОВА: Арманым ақиқатқа айналды

Қазан айының басында әлем назарын өзіне аударған тарихи оқиғаға куә болдық. Қазақ қызы Данна «Blue Origin» компаниясының құрамында Карман сызығына дейін барып, аман-есен жерге оралды. Ғарышқа сапар шегіп қайтқан қазақ қызы газетіміздің тілшісіне отбасында алған тәрбиесі мен еңбекқорлығы өмір жолында шешуші рөл атқарғанын айтып берген еді.

Қоғам • 06 Қараша, 2025

Тұрғын үйді сақтандыру тетіктері пысықталды

Келер жылдан бастап тұрғын үйді міндетті сақтандыру енгізіледі. Үкімет қазір құжатты пысықтап жатыр. Жаңа норма толыққанды жұмыс істеуі үшін тағы бірнеше заң мен кодекске өзгерістер енгізіледі. Заңның басты міндеті – түрлі табиғи апаттар жағдайында халықты қаржылық тұрғыдан қорғау.

Экономика • 05 Қараша, 2025

Дәулетін «Дамумен» молайтқан

Биыл маусым айында «Өрлеу» жеңілдікпен несиелеу бағдар­ламасы іске қосылды. Бұл пайыздық мөлшерлемелерді субсидия­лау құралына тиімді балама болуға тиіс. Сондай-ақ әрі кәсіпкерлердің қаржыны кідіріссіз алуына мүмкіндік береді. Шарттары да ыңғайлы. Мерзімі 10 жылға дейін. Осы уақыт ішінде 12,6%-дық мөлшерлеме өзгермейді. Алматы қаласында осы бағдарлама бойынша жыл басынан бері жалпы несие сомасы 56,6 млрд теңге болатын 114 жоба қолдау тапты.

Яндекс.Метрика