Руханият • 16 Шілде, 2019
ABAYbooks баспа үйі балаларға арналған «Сәлем, Қазақстан!» гид-бояғыштарын таныстырды
Кеше «Меломан» кітап дүкендері желісінде «ABAYbooks» баспа үйінің алғашқы өнімі «Сәлем Қазақстан!» бояғыш кітаптарының тұсаукесері өтті. Кітапшаны балалар жазушысы мен психологы Джан Амании, иллюстратор София Филатова және жоба жетекшілері таныстырды.
Аймақтар • 12 Шілде, 2019
Арыстың балалары Алматыда демалады
Алматы қаласының әкімдігі Арыс қаласындағы төтенше жағдайдан зардап шеккен балаларға қолдау көрсету мақсатында ағымдағы жылғы 12 шілде мен 3 тамыз аралығында Алматы қаласындағы Оқушылар сарайының «Өрнек» жазғы сауықтыру лагеріне жалпы 150 оқушыға, 14 жетекшіге демалыс ұйымдастырды.
Аймақтар • 12 Шілде, 2019
Б. Сағынтаев Алматының Кәсіпкерлер қоғамдастығымен ШОБ дамытудың өзекті проблемаларын талқылады
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен және қала бизнесмендерімен кеңес өткізді. Оның барысында шағын және орта бизнеске қолдау көрсету механизмдері мен дамыту жөнінде нақтылы және ашық әңгіме өрбіді.
Экономика • 12 Шілде, 2019
Орталық Азияның «нан кәрзеңкесіне» айнала аламыз ба?
Сарапшылар «әлемдік астық нарығы әлдеқашан бөліске түсіп қойған» дегенді биылғы жылдың басынан батыл айтып жүр. Демек, біз үшін Орталық Азияның «нан кәрзеңкесіне» айналудың жалғыз жолы астық экспортын шектеу деуге болады.
Қазақстан • 10 Шілде, 2019
«Көлеңкелі» алтын бизнесі күшейіп барады
Қазақстан ТМД елдерінің арасында минералды шикізат базасы мен зергерлік бұйымды безендіретін тастардың бай кен орындары бар аз ғана мемлекеттердің бірі. Тек Алматы облысының аумағында зергерлік бұйымдарда көп қолданылатын ақық, көкшіл тас (аметист), жылтыр тас (опал) сияқты әшекей тастар көп. Бірақ соған қарамастан, контрабандалық жолмен келіп жатқан бағалы металдардан жасалған зергерлік бұйымдардың мөлшері жыл санап артып барады.
Қазақстан • 09 Шілде, 2019
«Қарыздың бәрі кешіріледі» деу қате - Мақсат ХАЛЫҚОВ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың бірқатар санатының банктер алдындағы борыштық жүктемелерін азайту жөнінде шешім қабылдады. Ел ішінде «қалай, қайтіп кешіреді» деп банктердің есігін күзеткен ағайындардың қарасы көбейіп барады. Көкейіміздегі осы және басқа да сұрақтарымызды белгілі экономист, «Pro gente» экономикалық зерттеу орталығының жетекшісі Мақсат ХАЛЫҚҚА қойып көрген едік.
Әлем • 06 Шілде, 2019
Назарбаев қандай құрметке де лайықты – дейді ауғанстандық суретші Робаба Мохаммади
Ауғанстандық суретші Робаба Мохаммадиге тағдыр ана жатырында жатқанда-ақ жылы қабақ танытпапты. Тағдыры ерекше жаратылған жан туралы алдымен Батыс басылымдарынан оқып-білдік. 19 жастағы суретші қыздың галереясында біздің Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың портреті бар екенін білгенде, қызығушылығымыз тіпті арта түсті. Іле-шала Алматыда оқып жатқан ауғандық достарымның көмегімен Робабамен скайп арқылы тілдесудің сәті түсті.
Экономика • 03 Шілде, 2019
Жапония мен ЮНЕСКО Жібек жолы бойындағы туризм картасына өзгеріс енгізбек
Қытай немесе Жапония туристерінің біздің елге қанша уақыт арнайтыны және әрі қарай қай қаланы бетке алатынын енді біліп жүретін боламыз.
Руханият • 02 Шілде, 2019
Алматыда балет театры мен конгресс-орталық салынады
«Алматыны дамытудың 50 жоба-драйверлері» бастамасы аясында 2020 жылы жеке инвестициялар есебінен балет театры мен заманауи конгресс-орталық салынады.
Аймақтар • 02 Шілде, 2019
Б.Сағынтаев ҮЕҰ басшыларын қаланың маңызды стратегиялық міндеттерін бірігіп шешуге шақырды
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың үкіметтік емес ұйымдар басшыларымен кездесу барысында әлеуметтік-жауапты, күшті экономикалық, құқылы мемлекет пен дамыған азаматтық қоғам құруда ортақ мақсаттарға жету үшін бірігіп жұмыс жасаудың стратегиясын әзірлеудің қажет екенін атап өтті.