Ал бұған дейін жазушы, ақын, белгілі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов Алматы қаласының атауын өзгерту қажеттігі жайында бастама көтерген болатын. Ол алғашқылардың бірі болып петицияға қол қоюға дайын екендігін мәлімдеген еді.
Бұл мәселеге қатысты қала әкімі Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік желіде «Қазіргі уақытта біз қала үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алға қойған кешенді міндеттерін шешу жолында жұмыс істеп жатырмыз. Жақында қабылданған «Алматы 2050» Стратегиясын, қысқа және орта мерзімді жоспарларды іске асыру бойынша жұмыстарды жүргізудеміз», деп жазған.
Алматы қаласының бұрынғы атауын қайтару мәселесін отандастарымыз арасында жиі қозғалатын тақырыпқа айналған көрінеді. Мұндай бастаманы көтеретіндер қаланың ескі атауын алманың сирек түрі - апорттың пайда болу тарихымен түсіндіреді. Ал шаһар атауын өзгертуге қарсы болатындар бұл үшін бюджеттен қосымша шығын кететінін алға тартады.