Қаржы • 13 Желтоқсан, 2019

Банк секторы активтерінің сапасын бағалау (Asset Quality Review) аяқталуға жақын

263 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Алматыда Ұлттық банктің төрағасы Ерболат Досаев қазірдің өзінде қандай жұмыстар атқарылғандығы туралы  журналистермен кездескен кезінде айтты.

Банк секторы активтерінің сапасын бағалау (Asset Quality Review) аяқталуға жақын

Қазір тоғыз блоктың төртеуі аяқталды. Банктердің процестері мен саясатын талдау нәтижелері белгілі.  Сонымен қатар, несие құжаттарының талдауы, қамтамасыз етуді бағалау және ұжымдық бағалауға негізделген резервтерді талдау аяқталу сатысында тұр », -  деді Е. Досаев.

2019 жылдың желтоқсан айының екінші жартысында AQR-ді аяқтау және оның нәтижелері туралы есеп дайын болады. 

«Бағалау аяқталғаннан кейін халықаралық тәжірибеге сәйкес банктердің бизнес-процестерін жақсарту бойынша түзету шараларының жоспарлары жасалады, қажет болған жағдайда банктерді капиталдандыру және провизияларды ұлғайту бойынша шаралар қарастырылады», - деді Ұлттық банк басшысы.