Руханият • 13 Желтоқсан, 2019

Оралхан Бөкейдің «Қар қызы» 50 жылдан соң қайта сахналанды

51 реткөрсетілді

«Бұл туынды 70 жылдары Ғабит Мүсірепов атындағы академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында қойылған еді. Ал кеше әкем театрында тұңғыш рет сахналанған қойылымның тұсаукесеріне келгендер сыймай қалды» деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігі баспасөз қызметі.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен рухани кештен азық алып қайтқан ағайын спектакль соңында жарты сағат қол соқты.

«Қар қызы» повесінің алғашқы нұсқасы 1977 жылы жазылып, кейін қайта өңделіп, 1984 жылы «Біздің жақта қыс ұзақ» жинағына еніпті.   Жазушы повесте табиғатты негізгі фон ретінде ала отырып, оның құпия-сырларымен бірге адам жан сырының қалтарыстарын ашуға ұмтылады. Шығарма сюжетінде, қыс ортасында мал азығы таусылып қалады да, үш жігіт (Нұржан, Бақытжан, Аманжан) ауылдан алыс, ақ қар, көк мұзды тау арасынан трактормен шөп әкелуге шығады. Бір-бірінен айнымайтын тау шоқыларының арасында жолдан адасып, 40 градус суықта қардың тұтқынында қалады. Шөптен бұрын өздерінің үсіп өлу қаупі туып, өмір мен өлімнің күресі басталады. Міне, осы кезде кімнің кім екені танылып, адамға тән жақсылы-жаманды әртүрлі қасиеттер ашыла бастайды. Автор мұны бірден жарқыратып жайып тастамай, біртіндеп жеткізіп, майдан қыл суырғандай етіп,оқырманның таңдауына жайып салады.  Осылайшы сюжет кезегімен шым-шытырық жалғаса береді.
«Қара сөздің патшасы ғой ол кісі. Бұл жерде театрда тіл жоғалып кетті деген сындар болып жатады. Қазақтың тіліне, сөз мәйегіне мән берілген, нағыз актерлік спектакль болды», – деді М. Әуезов атындағы академиялық драма театрының директоры Сәбит Әбдіхалықов.

Оралхан Бөкейдің «Қар қызы» повесінің алғашқы нұсқасы 1977 жылы жазылған. Кейін қайта өңделіп, 1984 жылы «Біздің жақта қыс ұзақ» жинағына енген.

О. Бөкей шығармаларының көпшілігі адамзаттың және ғаламның жұмбағына тереңіне бойлаудан туындаған. Жазушы бұл шығармасында да табиғаттың құпия-сырларына үңіліп, адам жанының қалтарыстарын ашуға ұмтылады.

Оралхан Бөкейдің «Қар қызы» повесінің шынайы шығарма болып түзілуі - автордың көрген-түйгені, өз басынан өткен оқиғалары әсер еткендігінен. Олай дейтініміз, повестегі Нұржанның болмысынан автордың өзін тануға болады. Осы оқиғаның өз басынан өткендігіне дәлел, бір кезде өзінің ауылда тракторшы болып еңбек еткеніндігі де еді.

Қаламгердің өмірде түйгендерін қорытуы, жинақтауы деген осы. Ал, қойылым көңілден шыққан халық жарты сағат қол соқты.

 

АЛМАТЫ

 

 

 

 

 

 

.

Соңғы жаңалықтар

Сенат Бюросының отырысы өтті

Парламент • Бүгін, 16:53

Бейбіт күндегі қазаға кім кінәлі?

Қазақстан • Бүгін, 16:30

Тірі малды сату - тиімсіз

Аймақтар • Бүгін, 12:25

Ұлы Абай мұрасы Кереку елінде

Руханият • Бүгін, 10:23

Абайды тану – асыл парыз

Руханият • Бүгін, 09:21

Ұқсас жаңалықтар