Оның ғылыми зерттеулері, көркем-əдеби туындыларынан бастап оқырман назарынан, жұрт аузынан түскен емес. Асқар Егеубаев өз заманының сауатты да талантты ақын болды. Əйтсе де, оны еске алғанда ойға «Құтты білік», «Диуани лұғат ат-түрк» оралады. Ол осы еңбектерді тұңғыш рет ана тілімізге аударды, зерттеді, ғылыми айналымға қосты.
«Асекеңнің еңбекқорлығын айтсаңшы! Жатпай-тұрмай зерттеумен, аудармамен айналысқанын ескерсек, азғантай ғұмырында көп іс тындырып кеткенін байқауға болады. Өзінің жұлдыздай ағып өткен ғұмырында қазақтың руханияты, өркениеті, қазақтың әдебиеті үшін ұланғайыр еңбек сіңіріп кетті», - деді ҚР Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет.
«Шыңғыс хан бастаған түркілердің неге басқа ерекше тарихқа ие болған деген сияқты сөздікте тұрған Махмұд Қашқаридің түркілер туралы, біздің бабаларымыз және біз неге осы жерді мекендегенбіз» деген сияқты тарихи деректерді тұңғыш рет қазақ тіліне аударып, 86 жылдан 98 жылға дейін он жыл аударып, бізге беріп кеткен осы ғалым түркітанушы Асқар Егеубаев болатын», – деді филология ғылымдарының докторы Айгүл Ісмақова.
АЛМАТЫ