Бокс • 08 Ақпан, 2023

Мажарстанда жұдырықтасады

215 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері Қазақстанның әуес­қой бокс­тан ерлер құрамасы Мажар­стан­ның Дебрецен қаласында бас­тал­ған дәстүрлі турнирде өнер көрсетіп жатыр.

Мажарстанда жұдырықтасады

Биыл 37 мәрте жалауы желбіреген халық­аралық Иштван Бочкаи атындағы турнирде Қазақстан құрамасының 13 былғары қолғап шебері бас жүлде үшін сынға түсіп жатыр. Атап айтқанда, Мажарстан шаршы алаңында 2021 жылғы әлем чемпионы Теміртас Жүсіпов (48 кг), Сербиядағы әлемдік доданың күміс жүлдегері Серік Теміржанов (57 кг), 2021 жылғы Қазақстан чемпионы, әскерилер арасындағы әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Дамир Әбдіқадыр (51 кг), жастар арасындағы Азия біріншілігінің жеңімпаздары, халықаралық турнирдің жүлдегерлері ағайынды – Саматәлі (60) мен Санатәлі Төлтаевтар (63,5 кг), Азия біріншілігінің қола жүлдегері Нұрбек (80 кг) пен Азия чемпионы Айбек Оралбайлар (92 кг) ел намысын қорғап жатыр.

Сондай-ақ бірнеше елішілік және ха­лықаралық жарыстардың жеңімпаз-жүл­дегерлері Дәулет Молдашев (54 кг), Дулат Бекбауов (67 кг), Ермахан Жақпеков (71 кг), Аятулла Тәкежанов (75), Шаймұрат Құ­сайынов (86 кг) және Дамир Тойбай (+92 кг) Мажарстан шаршы алаңында бақ сынайды.