Футбол • 09 Ақпан, 2023

Жүлдеден үмітті үштік

294 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2022 жылғы футбол маусымының қо­рытындысы бойынша жылдың ең үздік қақпашысы атағына үміткер үш футболшының есімі белгілі болды.

Жүлдеден  үмітті үштік

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) 2022 жылдың ең үздік қақпашысына табыс­тайтын The Best сыйлығына мына футболшылар үміткер: Тибо Куртуа («Реал», Бельгия құрамасы), Яссин Боно («Севилья», Марокко құрамасы) және Эмилиано Мар­тинес («Астон Вилла», Аргентина құрамасы). Кеңейтілген тізімнен Алиссон («Ливерпуль», Бразилия) және Эдерсон («Манчестер Сити», Бразилия құрамасы) шығып қалды.

Жылдың ең үздік қақпашысының есімі 27 ақпанда анықталады. Былтыр бұл сыйлық Лондонның «Челси» клубының және Сенегал ұлттық құрамасының қақпашысы Эдуар Мен­диге бұйырған еді.