Кино • 20 Ақпан, 2023

BAFTA-2023: жеті жүлде - бір фильм

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

19 ақпан күні BAFTA сыйлығының 76-шы салтанатты табыстау рәсімі өтті. Онда 2022 жылдың үздік фильмдері анықталды. Рәсім Лондонның Саутбанк орталығындағы корольдік фестиваль залында өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

BAFTA-2023: жеті жүлде - бір фильм

19 ақпанда британдық кино және телевизиялық өнер академиясының (BAFTA) марапаттау рәсімінде «Батыс майданында өзгеріс жоқ» атты неміс фильмі жеті номинация бойынша жүлдегер атанып, ағылшын тілді емес фильмдер арасында рекорд орнатты.

Эрих Мария Ремарктың әйгілі романының желісінде жаңа нұсқада түсірілген «Батыс майданында өзгеріс жоқ» фильмі үздік режиссура, үздік бейімделген сценарий, ағылшын тілінде емес үздік фильм номинацияларын иеленді.

Сондай-ақ осы марапаттауда «Навальный» фильмі үздік деректі фильм номинациясын жеңіп алды.