Футбол • 24 Ақпан, 2023

«Сити» сырт алаңда тең ойнады

357 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Лейпциг» клубының қорғаушысы Йошко Гвардиоль Хосеп Гвардиола же­тек­шілік ететін «Манчестер Сити» клу­бын тобықтан қақты.

«Сити» сырт алаңда тең ойнады

Сәрсенбіден бейсенбіге қараған түні футболдан Чемпиондар лигасының 1/8 финалдағы алғашқы матчтары өз мәресіне жетті. Биылғы чемпиондықтан басты үміткерлердің бірі «Ман­честер Сити» Германияға сапар шегіп, қолда тұрған жеңісінен айырылып қалды. Бірінші таймда Рияд Марез қонақтарды есепте алға шығарғанымен, екінші таймда хорватиялық Йошко Гвардиоль «Лейпцигке» тең нәтиже сыйлады – 1:1.

Сондай-ақ қатар өткен екінші матчта «Интер» өз алаңында «Порту» клубын қа­былдап, кездесудің 86-минутында Лукаку соққан жалғыз голдың арқасында жеңіске жетті – 1:0. Қарымта матчтар 14 наурызға жоспарланған.