Спорт • 16 Наурыз, 2023

Бүгін Қуат Хамитов Бобур Абдулазизовпен кездеседі

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін қазақстандық ММА файтері Қуат «Найман» Хамитов MMA-Series-тің қазіргі чемпионы (бұрынғы М-1) Бобур Абдулазизовпен кездеседі, деп хабарлайды Egemen.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгін Қуат Хамитов Бобур Абдулазизовпен кездеседі

Дәл қазір Атырауда Mergen FC лигасы ұйымдастырған кеш өтіп жатыр. Онда промоушеннің екі чемпионы анықталады.

57 келіге дейінгі салмақта қазақстандық Талғат Жұмағалиев (9-4-1) грозныйлық «Ахмат» клубының өкілі ресейлік Джохар Эскиевпен (9-3) вакантты чемпиондық белбеуді сарапқа салады.

Жартылай жеңіл салмақта жергілікті файтер Шыңғыс Камал (3-0) мен жеңіліп көрмеген қырғызстандық Назарбек Әлімжанов (3-0) чемпиондық атаққа таласады.

Сондай-ақ кеште Нұрберген Шәріпов, Қанат Келдібеков, Исатай Теміров, Еділ Есенғұлов және басқа да файтерлер октагонға шығады.