Дәл қазір Атырауда Mergen FC лигасы ұйымдастырған кеш өтіп жатыр. Онда промоушеннің екі чемпионы анықталады.
57 келіге дейінгі салмақта қазақстандық Талғат Жұмағалиев (9-4-1) грозныйлық «Ахмат» клубының өкілі ресейлік Джохар Эскиевпен (9-3) вакантты чемпиондық белбеуді сарапқа салады.
Жартылай жеңіл салмақта жергілікті файтер Шыңғыс Камал (3-0) мен жеңіліп көрмеген қырғызстандық Назарбек Әлімжанов (3-0) чемпиондық атаққа таласады.
Сондай-ақ кеште Нұрберген Шәріпов, Қанат Келдібеков, Исатай Теміров, Еділ Есенғұлов және басқа да файтерлер октагонға шығады.