Сайлау • 19 Наурыз, 2023

Шымкентте сайлау белсенді өтіп жатыр

186 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Парламент Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы Шымкентте белсенді өтіп жатыр. Осыған байланысты 6698 әскери бөлімінің сарбаздары таңғы сағат 6.00-ден бастап №30 сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкентте сайлау белсенді өтіп жатыр

№30 сайлау учаскесі комиссиясының төрағасы, 6698 әскери бөлімі командирінің орынбасары, подполковник Руслан Бектұрсыновтың айуынша халық қалаулыларын сайлау еліміз үшін маңызды саяси оқиға. Сондықтан белсенділік танытып дауыс беруге қатысу керек. Бұл әрбір республика тұрғынының азаматтық парызы боп есептеледі. Өйткені таңдау жасау арқылы ертең Жаңа Қазақстанның болашағын бірге қалаймыз. Саяси-экономикалық реформалардың да жүзеге асуы тікелей азаматтық белсенділікке байланысты.

Өз кезегінде 6698 әскери бөлімінде 200-ден астам сарбаз дауыс беруге қатысты. Ол үшін Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясына алдын ала өтініш жасалды. Сарбаздарға арналған жабық дауыс беру учаскесінде өз таңдауын жасағандар қатарында қарағандылық жауынгер Давид Великанов та болды.

«Мен өзімді Қазақстанның патриоты санаймын. Сол себепті өз таңдауымды жасау мақсатында осында келдім. Менің ойымша жаңа дәуірге қадам басып жатқан шақта саяси белсенді болуымыз керек. Әсіресе ол еліміздің жарқын болашағы үшін ерекше маңызды. Жалқауланбай менің дауысым не шешеді демей, сайлауға барған, дауыс берген жөн. Менің азаматтық ұстанымым осындай. Сондықтан барша замандастарымды сайлауда белсенділік танытуға шақырамын», деді ол.

6698 әскери бөлімінде бюллетеньдерді жәшікке бірінші болып салған алғашқы 4 сарбазға арнайы сыйлықтар тапсырылды.

Мегаполистегі 6506 әскери бөлімінде орналасқан №89 сайлау учаскесінде де дауыс беру таңғы сағат 6.00-де басталды.

Комиссия төрағасы, 6506 әскери бөлімі командирінің тәрбие жөніндегі орынбасары, подполковник Ернар Әшірбеков Қазақстан Республикасының әрбір азаматы саяси науқанға қатысып, белсенділік танытуы тиіс. Себебі біздің таңдауымыз — Әділетті, Жаңа Қазақстан. 6506 әскери бөлімінде 764 сарбаз әскери борышын өтеп жатыр. Жабық сайлау учаскесінде тек сарбаздар дауыс берсе, офицерлік құрам мен әскери қызметкерлер өздерінің тұрғылықты мекенжайы бойынша таңдауларын жасайтынын айтты.

Айта кету керек, әскери бөлімдегі сайлаушылар бір ғана бюллетеньмен ҚР Парламенті Мәжілісіне партиялық тізім бойынша ұсынылған кандидаттарға дауыс береді. Бұл жерде жергілікті мәслихат депутаттығына үміткерлер ұсынылмайды.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қанша ер мұғалім бар?

Қазақстан • Бүгін, 10:10

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024