Әнуар ЖҰМАШБАЕВ
Әнуар ЖҰМАШБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
259 материал табылды

Әскер • Кеше

Әскери пән мұғалімінің мәртебесін көтеру маңызды

Жастарды әскери қызметке тәрбиелеу мен даярлау ісінде білім беру ұйымдары мен күштік құрылымдардың еңбегі орасан зор. Осы тақырыпқа орай Шымкент қаласының оқушылар сарайында республикалық ғылыми-әдістемелік конференция өтті. Іс-шараға алғашқы әскери технологиялық даярлық оқытушылары, жергілікті әкімдік өкілдері, күштік құрылым қызметкерлері қатысты.

Инвестиция • 04 Мамыр, 2024

Инвесторлар қызығушылығы артып келеді

Биыл Шымкентте қуаттылығы 500 МВт-ға дейінгі аралас циклді газ зауыты салынады. Бұл туралы қала әкімі Ғабит Сыз­дықбековтің «Aksa Energy» компаниясы өкілдерімен кезде­суін­­де мәлім болды. Шетелдік делегацияны инвестор Мурад Юс­тел бастап келген. Тараптар шаһарда биылдан бастап өндіріс орнының құрылысын бастауға келісіп, меморандумға қол қойды.

Инвестиция • 04 Мамыр, 2024

Өндіріске қолайлы өңір

Үкімет басшысының отандық өндірісті қолдау тапсырмасы аясында Шымкентке вице-премьер Серік Жұманғарин іссапармен барды. Сапар барысында жұмыс істеп жатқан ірі өндіріс ошақтарын аралап, агроөнеркәсіп кешендерінің жұмысымен танысып, құрылыс нысандарының басында болды.

Шымкент • 04 Мамыр, 2024

Ассамблея белсенділері марапатталды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков 1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күніне орай тасқын судан зардап шеккен отандастарымызға гуманитарлық көмек акциясын ұйымдастыруда белсенділік танытып, жәрдемін аямаған 12 азаматты арнайы алғысхатпен марапаттады.

Шымкент • 04 Мамыр, 2024

Тазалық тәрбиесі

Шымкентте «Таза Қазақстан» республикалық экология­лық акциясы аясында «Өнегелі ұрпақ» апталығы басталды. Апта бойына мегаполисте көптеген тазалық іс-шара­лары қолға алынды.

Қоғам • 04 Мамыр, 2024

«Springer» басылымының конференциясы

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педа­гогикалық университетінде «AICTC-2024» аясында Ақпа­раттық коммуникациялық технологиялар және компьютерлер саласындағы жетістіктерге арналған 5-халықаралық конференция өтті. «Springer» халықаралық ғылыми басылымының зерттеулеріне арналған бұл жиынға әлемнің әр қиырынан 300-ден аса еңбек жинақталып, іріктелген 80 зерттеу нәтижесі қатысушылар талқысына ұсынылды.

Айбын • 02 Мамыр, 2024

Сайрамдық оқушылар әскери бөлімде болды

Түркістан облысының жергілікті әскери басқару органдары алғашқы әскери дайындық сабақтарында алған білімдерін бекіту мақсатында Сайрам ауданы, Манкент ауылындағы Әлішер Науаи және Әл-Фараби атындағы орта мектептерінің қырыққа жуық 10-сынып оқушылары үшін Шымкенттегі «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригадасының өмірімен танысуын ұйымдастырды. Бұл туралы Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі хабарлады.

Шымкент • 25 Сәуір, 2024

Ынтымаққа бақ қонады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың Атырауда өткен үшінші отырысында ұлттың жаңа келбетін айқындайтын негізгі құндылық­тарға тоқталды. Жиында Президент «Бірлік және ынтымақ» еліміздің басты құндылығы екенін айрықша атап өтті. Бұл тұрғыда Шымкент қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы халықтар арасындағы бірлікті көздің қарашығындай сақтап, ынтымақ бар жерде ырыс та, береке де болатынын іспен дәлелдеген бірегей институт екенін тағы бір мәрте еске салғымыз келеді.

Зерде • 25 Сәуір, 2024

Әмір Темір және Алтыншоқы

Қазақстан тарихын насихаттауды мақсат тұтқан Qalam дәрісханасы жобасының аясында Шымкентте елімізге белгілі тарихшы, археолог Эмма Усманова «Әмір Темір және Алтыншоқы төбесінің сыры» тақырыбында көпшілікке арнап дәріс оқыды.

Музей • 25 Сәуір, 2024

Қасымбек датқадан қалған дүние

Шымкент қаласында орналасқан Түркістан облыстық өлкетану музейінің ғылыми зерттеуді қамтамасыз ету және қазіргі заман тарихы бөлімінің меңгерушісі Жанар Үркімбаева әйгілі Қасымбек датқаның ұрпақтары бабадан мирас болып қалған асадалды музейге әкеп тапсырғанын айтты. Асадал дегеніміз, ағаштан жасалған тартпалары бар жиһаз. Онда негізінен ас пен ыдыс-аяқ сақталады. Асадалды кебеженің бір түрі деуге де болады.