
Тарих • 08 Қараша, 2023
«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» қасіретінің 300 жылдығына орай Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінде «Қазақты сансыратқан қанды қасап» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды. Басқосуға жиналған тарихшылар мен ғалымдар, зиялы қауым өкілдері бұл қасіреттің қыр-сырын баяндап, тарихта мұндай сұмдық қайталанбас үшін қандай амал қажеттігін ашық түрде мәлімдеді.
Қоғам • 07 Қараша, 2023
Қаржылық сауатсыздық құрдымға кетіреді
Биыл Шымкентте экономикалық тергеу департаменті жалған энергетикалық сусындар шығаратын жасырын цехты анықтады. Дәл осындай жағдай мұның алдында да болған. Департамент ыдыс-аяқ жуатын химиялық тұрмыстық зат жасау бойынша экономикалық қылмысты әшкере еткен еді.
Аймақтар • 03 Қараша, 2023
Шымкент қаласы: Жанармай бекеттерінде кідіріс бар
Көлік жүргізушілерінің айтуынша, Шымкентте сұйытылған газ тапшылығы байқалады. Бақытжан Ерназаров өткен жексенбіде 64 теңгеден газ құйдырыпты. Бірақ бекеттер 1000 теңгеден жоғары сатып жатқан жоқ екен. Дүйсенбі мен сейсенбі күндері бекетке газ құйдыруға барса «газ жоқ» деп қайтарып жіберіпті. Ол соңғы кездері қалада газ тапшылығы жиі байқалатынын айтады.
Музей • 02 Қараша, 2023
Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандары музейі 1937-1938 жылдары репрессиядан опат болған немесе қуғындалған азаматтардың есімін мәңгі сақтау, сол зұлмат оқиғаларды тарихта, ұрпақтар жадында қалдыру мақсатында ашылған. Құнды жәдігерлерге толы музейде жыл сайын осы тақырыпқа орай түрлі басқосу мен жиын ұйымдастырылады.
Экология • 31 Қазан, 2023
Ластанған ауа, тұншыққан табиғат
Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Шымкентке іссапармен келіп, М.Әуезов атындағы ОҚУ-да халықпен кездесу өткізді.
Шымкент • 23 Қазан, 2023
Республика күні қарсаңында Шымкент қалалық әкімдігінің, Қазақстан өзбектері «Дустлик» қауымдастығының, қалалық этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен «Достық дастарқаны» – Шымкент палауы-2023» фестивалі өтті.
Мирас • 22 Қазан, 2023
Республика күні қарсаңында Шымкентте «Күміс қалам – 2023» поэзиялық сайысы ұйымдастырылды. Биыл үшінші жыл қатарынан өтіп жатқан конкурсқа еліміздің әр өңірінен үміткерлер жиналды. Сайыс шарты бойынша 14-35 жас аралығында жазба ақындар өзара сынға түсті.
Шымкент • 19 Қазан, 2023
Шымкент донор шаһарға айнала ма?
Республиканың үшінші мегаполисі экономикалық өсім қарқыны бойынша өңірлер арасында алдыңғы орында келеді. Шаһарда іскерлік белсенділік өте жоғары. Бұл – экономикалық дамуда алға қарай жылжу бар деген сөз. Дей тұрғанмен мегаполис әлі дотациялық өңір саналады. Алушыдан беруші санатқа жоғарылау үшін не істеу керектігін тиісті сала маманынан сұрап білдік. Оған экономикалық негізгі көрсеткіштер жөніндегі статистикалық мағлұматтан кейін арнайы тоқталатын боламыз...
Құтқарушы • 19 Қазан, 2023
Олардың жұмысы қауіп-қатерге толы. Күн сайын қызмет барысында басын бәйгеге тігеді. Өйткені адам өмірі бәрінен маңызды. Сол үшін өздерін құрбан етуге бар. Әңгіме кімдер жайында екенін аңғарған боларсыздар. Әрине, құтқарушылар туралы. Құтқарушылардың кәсіби мерекесіне орай олардың күн сайынғы ерлігін жазғымыз келді. Алайда ажалмен бетпе-бет жұмыс істейтін кәсіп иелері өзін бейбіт күннің батыры деп санамайды. Олар үшін адамды құтқару – ерлік емес, міндет. Сондықтан да төтенше жағдай қызметіндегі барша мамандарға алғыстан басқа айтарымыз жоқ.
Шымкент • 17 Қазан, 2023
Жаңадан тағайындалған Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков басшылықтың тізгінін қолға алғалы әртүрлі сала өкілдерімен мәселе талқылау үшін бірнеше мәрте кездесу өткізді. Алдымен ардагерлермен, сосын журналист, блогерлермен, кейін мәдениет саласының майталмандарымен жүздесті. Жуырда өткен тағы бір жиында кәсіпкерлермен кездесті.