Әнуар ЖҰМАШБАЕВ
Әнуар ЖҰМАШБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
89 материал табылды

Шаруашылық • 11 Маусым, 2025

Шаһар шаруаны ширатса игі

Жемқорлық қоғам дерті деп бекер айтпайды. Өйткені ол елдің дамуын тежейді. Адам санасында бәрін ақша шешеді деген ой қалыптасса, қоғамда әділдік, сенім жоғалады. Жемқорлық араласқан жұмыс та сапасыз болады. Ал одан жапа шегетін – қарапайым халық пен мемлекет. Сондықтан парақорлықпен күрес әр азаматтың міндеті болуға тиіс және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзімсіздік мәдениеті қалыптасуы керек.

Құқық • 04 Маусым, 2025

Алаяқтардан сақтану жолы

Шымкентте екі күн қатарынан жастардың қаржылық сауатын арт­тыруға арналған іс-шара ұйымдастырылды. Бұл – Қаржылық мониторинг агенттігі қолға ал­ған бастама. Соның ая­сын­да қаладағы колледж бен жоғары оқу орны сту­дент­теріне «Қар­жы­лық қауіпсіздік негіз­дері» тақырыбында маңыз­ды дәрістер оқылды. Ондағы басты мақсат – жас­тар­ды қаржылық алаяқ­тар­дан қорғау, дер кезінде дұрыс шешім қабылдауға үйрету.

Балалар • 30 Мамыр, 2025

Жаз қызығы басталды

Оқу жылы да тәмамдалды. Оқушылар жазғы демалысқа шықты. Мектеп түлектері үшін өмірдің жаңа кезеңі басталса, төменгі сынып жеткіншектері жазғы демалысты қызықты өткізгісі келеді. Бұл мәселе ата-аналарды да толғантады.

Өндіріс • 27 Мамыр, 2025

Аяқкиім фабрикасы қайта жанданды

Кеңес заманында Шымкентте жеңіл өнеркәсіп саласында сапалы тауар шығарған кәсіпорындар болды. Олардың атағы бүкіл одаққа дүркіреп, өнімдерін халық сүйсіне тұтынды. Сондай кә­сіп­орынның бірі «Заря» аяқкиім фабрикасы еді.

Шымкент • 22 Мамыр, 2025

Он оқтың жетеуі Шымкент қорғасынынан құйылды

Екінші дүниежүзілік соғыста фашистік Германияны жеңуге кеңес одағындағы республикалармен бірге Қазақ елі де аянбай үлес қосты. Миллионнан аса қазақ сарбаздары майдан даласында соғысса, тылда да «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін» деген ұранмен тынымсыз еңбек етті. Қызыл әскерді оқ-дәрі, керек-жарақпен қамтамасыз ету жағынан Қазақстан алдына жан салған жоқ. Соның бірі – аты тарихта қалған Шымкенттегі қорғасын зауыты.

Өнер • 22 Мамыр, 2025

Сыбызғы жасап, саз үрлейді

Шымкент қаласының тұрғыны Вячеслав Овчаренко йогадан жаттық­тырушы болып жұмыс істейді. Бос уақытында үрмелі аспаптар жасаумен айналысады. Өзінің айтуынша, қолы қалт еткендегі ермегі әрі қосымша табыс көзі.

Бизнес • 16 Мамыр, 2025

Өндірістік тізбекті ұлғайту маңызды

Жақында «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Райымбек Баталов Шымкентке келіп, мегаполистің бизнес өкілдерімен жүздесті. Сонымен қатар «Бал Текстиль» ЖШС-на арнайы барып, кілем тоқу өндірісімен танысты. Фабрика «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан. Жылына 5 млн шаршы метрге дейін кілем өнімдерін шығарады.

Денсаулық • 14 Мамыр, 2025

Саламатты өмірдің бастау көзі

Шымкент қаласында Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық сая­сат жөніндегі ұлттық комис­сия­сының бастамасымен репро­дуктивті денсаулық апталығы өтіп жатыр.

Спорт • 14 Мамыр, 2025

Жарыс жолында – велошабандоздар

«Шымкент–Ташкент» веломарафонына жүздеген спортшы қатысты. Қаланың Әл-Фараби алаңынан жарыс жолын бастаған велошабандоздар Қазақстан–Өзбекстан шекарасындағы «Жібек жолы» кеден бекетінде мәре сызығын кесті. Марафонның арақашықтығы 125 шақырым жолды құрады.

Әскер • 07 Мамыр, 2025

Оқушылардың әскери бөлімдегі бір күні

Жастарды әскери-патриоттық рухта тәрбиелеу – басты міндет. Осы мақсатқа орай Шымкенттегі 10216 әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің әскери бөлімінде жоғары сынып оқушыларына «Ашық есік күні» ұйымдастырылды. Іс-шараға қаладағы жалпы білім беретін мектептерден жүзге жуық оқушы қатысты.