Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Таңмен таласа келген еңбек ардагеріне сый-құрмет көрсетілді
Шымкентте №24 орта мектептегі№142 сайлау учаскесіне таң атпай тұрып бірінші болып дауыс беруге еңбек және тыл ардагері Өркен Әбдіреев ақсақал келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Шымкентте сайлау белсенді өтіп жатыр
Парламент Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы Шымкентте белсенді өтіп жатыр. Осыған байланысты 6698 әскери бөлімінің сарбаздары таңғы сағат 6.00-ден бастап №30 сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Наурыз, 2023
Жаңа аудан игіліктен кенде емес
Шымкент қаласының жаңадан құрылған бесінші ауданы – Тұран аудан әкімінің аппараты 2023 жылғы қаңтар айынан бастап жұмысына кірісті. Осы үш айдың өзінде-ақ тұрғындардың әртүрлі әлеуметтік мәселелері шешімін тауып үлгерді. Жұмысты оңтайландыру бағытында атқарылатын шаруалар әлі де көп. Жыл басында аудан аппаратындағы қызметкерлер штат кестесіне сай толық болмаса да жұмыс қарқыны одан бәсеңдеп қалған жоқ, тұрғындармен де байланыс үзілмеді. Ал қазір аудан әкімдігінде мамандар мен қызметкерлер саны толық жеткілікті.
Денсаулық • 16 Наурыз, 2023
Жуырда Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасына қарасты №1 оңалту орталығы коммуналдық-қазыналық кәсіпорны мен Өзбекстанның республикалық мамандандырылған терапия және медициналық оңалту ғылыми-тәжірибелік медицина орталығы арасында меморандумдық келісім жасалды. Оңалту орталығының бас дәрігері Н.Тоқбергенов пен қонақтар делегациясын бастап келген өзбекстандық емдеу ұйымының директоры Б.Аляви аталған құжатқа қол қойды.
Шаруашылық • 15 Наурыз, 2023
Мал шаруашылығын дамытуға мүмкіндік мол
Биыл көктемгі егіс маусымында шаһарда 27 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егіледі. Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Әбунасыр Жанбатыровтың айтуынша, егінмен бірге мал шаруашылығында да жетістіктер баршылық. Мегаполис шаруалары 8,9 мың тонна ет, 51,4 мың тонна сүт және 142 млн дана жұмыртқа өндіріпті. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 46 млрд теңгеге жетті. Агросаламен қоса, тамақ өнімдерінің негізгі капиталына 15,3 млрд теңге инвестиция тартылды. Фермерлер былтыр 148,3 млн доллардың өнімін өндірген.
Баға • 15 Наурыз, 2023
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын жіті назарда ұстау, баға тұрақтылығын сақтау мәселелері жергілікті әкімдік тарапынан қатаң бақылауға алынған. Шымкентте осындай әлеуметтік азық-түлік өнімдерін саудалайтын бірнеше дүкен бар. Соның бірі – Шаяхметов көшесінде орналасқан «Qaz et» әлеуметтік дүкені.
Аймақтар • 14 Наурыз, 2023
Шымкент қаласында 5 индустриалды аймақ бар. Атап айтқанда, олар – «Оңтүстік», «Сауда-логистикалық орталығы», «Тассай», «Ордабасы» және «Оңтүстік» АЭА. Олардың жалпы жер көлемі – 886 гектарға тең. Бүгінге дейін бұл өндіріс алаңдарында құны 200 млрд теңгені құрайтын 180 жоба іске асырылды. Бұдан бөлек, қосымша тағы 750 гектар аумақты алып жатқан 4 индустриалды аймақ іске қосылмақ. Соның ішінде «Стандарт» жеке өндіріс алаңы жұмысын бастап кетсе, «Жұлдыз» ИА мен «Бозарық» агроиндустриалды аймағы биыл пайдалануға беріледі. Келесі кезекте 886 гектар аумақта орналасқан жылыжай кешендерінің аймағы тұр.
Басылым • 13 Наурыз, 2023
Мерзімді басылымдардың келешегі не болмақ?
Шымкентте журналист Төлен Тілеубайдың «Цифрлық жолайрық: Қазақстан газеттерінің бүгіні мен ертеңі» атты жаңа кітабы таныстырылды. Кітаптың тұсаукесеріне арналған мәдени іс-шараның өтуіне ұйытқы болған – «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігі мен Әл-Фараби кітапханасы. Қаламгердің туындысы болашақ журналистерге, осы салада тер төгіп жүрген мамандарға, жалпы көпшілікке арналған.
Еңбек • 13 Наурыз, 2023
Жұмыссыздықты азайтуға арналған бастама
Шымкент қаласы әкімдігіне қарасты «Халықты жұмыспен қамту» орталығының 2023 жылға арналған жоспарына сәйкес 57 181 адам қосымша еңбекпен қамтылуға тиіс. Елде жүргізіліп жатқан экономикалық реформалардың басты мақсаты жаңа жұмыс орындары арқылы жұмыссыздық деңгейін азайту екенін ескерсек, жергілікті билік тарапынан осы бағытта маңызды іс-шаралар іске асырылып келеді.
Аймақтар • 10 Наурыз, 2023
Жолаушылар тасымалдау саласында Шымкентте тың жаңалық бар. Осы наурыз айынан бастап автобустарда кондукторлар түбегейлі алынып тасталды. Енді жолаушылар олардың көмегінсіз жолақыны өздері төлейтін болды.