Қоғам • 31 Қаңтар, 2026
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков 24 отбасына пәтер кілтін табыстады. Жаңа қоныс иелері – әлеуметтік тұрғыдан осал топтағы азаматтар. Пәтерлер шаһардың Тұран шағын ауданындағы жаңадан салынған көпқабатты үйлерден берілді. Баспаналы болған отбасылар пәтерлердің тек жалдау құнын төлеп тұрады.
Экономика • 30 Қаңтар, 2026
Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасына кәсіпкерлерден 150-ден астам өтініш келіп түскен. Қорғалған бизнес құқығы шамамен 120 млн теңгені құрайды.
Шымкент • 29 Қаңтар, 2026
«Amanat» партиясының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Қарызсыз қоғам» жобасы тұрғындардың қаржылық сауатын арттыруда нақты нәтижесін беріп келеді. Мәселен, 2024 жылы жоба аясында 11 мың адамды оқыту жоспарланған болса, бұл меже артығымен орындалып, 12 593 тұрғын арнайы курстан өтті.
Медицина • 28 Қаңтар, 2026
Шетелдіктердің шеберлік дәрісі
Шымкент қалалық балалар клиникалық ауруханасында «Балалар кардиохирургиясындағы өзекті мәселелер» тақырыбында халықаралық шеберлік сағаты өтті. Іс-шара барысында Беларусь Республикасынан келген білікті мамандар жергілікті әріптестерімен бірлесіп, жүрегінде туа біткен ақауы бар үш науқасқа күрделі операция жасап, он шақты баланы медициналық тексеруден өткізді.
Қоғам • 22 Қаңтар, 2026
АҚШ-тан көшкендер саны келушілерден асып түсті: Трамп эмиграция мәселесін қалай шешті?
Соңғы зерттеулер көрсеткендей, 2025 жылы АҚШ-тан көшкендер саны келушілерден асып түскен. Мұндай жағдай соңғы рет осыдан 50 жыл бұрын болған екен. Сарапшылар бұған АҚШ президенті Дональд Трамптың эмиграцияға байланысты ұстанған қатаң саясаты себеп болғанын айтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 22 Қаңтар, 2026
«Shymkent Open»: Каратэ турнирінде 900-ге жуық спортшы бақ сынап жатыр
Жарыс аталған спорттан халықаралық Азия, Әлем чемпионатына іріктеу турнирі ретінде өтіп жатыр. Турнир «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, академик Саттар Қуашбайдың жүлдесіне арналып ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2026
Жол қауіпсіздігі ережесі әскерилер үшін де міндет
Әскери қызметшілер арасында көлік жүргізу мәдениетін арттыру және әскери көлік құралдарын апатсыз пайдалану мақсатында Шымкент гарнизонында профилактикалық сабақтар ұйымдастырылды. Іс-шара барысында әскери техника жүргізушілеріне өткен жылғы жол-көлік оқиғаларының статистикасы ұсынылып, әскери көліктерді пайдалану кезіндегі негізгі қатер мен жиі кездесетін қателіктер жан-жақты түсіндірілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 20 Қаңтар, 2026
Шымкенттің коммуналдық қызметі шетелдік компанияға беріле ме?
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков 2025 жылды қорытындылаған брифингте журналистің коммуналдық мәселе төңірегінде қойған сауалына келешекте бұл қызмет француздық компанияға сенімгерлік басқаруға берілетінін айтқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 20 Қаңтар, 2026
Жеңіл өнеркәсіпті дамыту үшін Шымкент жаңа қадамға барды
Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында жеңіл өнеркәсіп саласында кадр даярлау жүйесін дамытуға арналған кеңейтілген басқосу өтті. Оған білім, жеңіл өнеркәсіп саласының мамандары қатысты. Ташкенттен өкілдер онлайн қосылды. Кездесуде дуальды оқыту жүйесі, өндірістік практика, білім беру бағдарламаларын еңбек нарығына бейімдеу мәселелері талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Қаңтар, 2026
Полиция жылды қорытындылады: Нәтиже қандай?
Шымкент қаласының Полиция департаменті өткен жылғы жұмыстарын қорытындылады. Алдағы күнге жоспарларын белгіледі. Кеңеске Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха төрағалық етті, деп хабарлайды Egemen.kz.