Әнуар ЖҰМАШБАЕВ
Әнуар ЖҰМАШБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
406 материал табылды

Шымкент • 29 Қаңтар, 2025

Құрметке лайық, қамқорлыққа зәру

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялағаны белгілі. Осыған орай Үкімет тарапынан арнайы жоспар әзірленді. Соның негізінде Шымкентте де өңірлік іс-шаралар жоспары бекітілді, оны үйлестіретін өңірлік штаб құрылып, құрамы айқындалды.

Шымкент • 28 Қаңтар, 2025

Жол сапасына мән бермегендер жазаланды

«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» мекемесінің Шымкент қалалық филиалы былтыр жол құрылыстарын тексеру мақсатында 843 рет нысандарға шығып, сараптама қорытындысымен 228 ақау мен кемшіліктерді анықтаған. Оның 178-і қалпына келтірілсе, қалғаны әлі орындалып жатыр. Сараптама барысында 1 494 жол-құрылыс материалы іріктеліп алыныпты. Мамандар 621 сынаманы нормативтік талаптарға сәйкес келмейді деп тауыпты. Осындай сапасыз жол-құрылыс материалдары бойынша қазір сәйкестендіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Айбын • 23 Қаңтар, 2025

Жылдың үздік жауынгер-спортшысы

Қазақстанның үздік әс­ке­ри қызметшілерін анық­тау үшін жыл сайын «Әс­кер тарланы» атты бүкіл армиялық конкурс өт­кі­­зіледі. Өткен жылғы осы байқауда Шымкент қа­ла­сындағы 35748 әскери бө­лі­мі мергендер взводының аға сержанты Асылбек Қара­бай жеңімпаз атанды. Ол табандылық пен жо­­ғары әскери дайын­дық нә­­ти­жесінде «жауын­гер-спорт­­шы» деген аталымын же­ңіп алды.

Қоғам • 18 Қаңтар, 2025

«Мархабат» журналы қанат қақты

Әл-Фараби атындағы Шымкент қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің, сондай-ақ, халықаралық «Түркі әлеміне қызмет» сыйлығының иегері, Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы, белгілі жазушы Мархабат Байғұттың 80 жылдығына орай «Мархабат» журналы мен Markhabat.kz әдеби-ақпараттық портал таныстырылымы болып өтті. Жиынға жазушының үзеңгілес серіктері, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, идеология саласына жауапты Шымкент қаласы мен Түркістан облысы әкімдерінің орынбасарлары, сондай-ақ Жамбыл облысынан арнайы қонақтар қатысты.

Таным • 17 Қаңтар, 2025

Араб жиһанкезінің түріктер туралы айтқандары

Ахмад ибн Фадлан әл-Бағдади – Х ғасырда өмір сүрген араб ойшылы әрі жиһанкезі. Оның «Түрік, хазар, орыс, бұлғар елдерін сипаттайтын ибн Фадлан жазбасы» деген әйгілі шығармасы бар. Бұл еңбекте Аббасидтер халифатының Бұлғарияға елшілік жіберуі, оны бастап барған ибн Фадланның Орта Азия мен қазіргі Ресей жеріндегі халықтардың тұрмыс-тіршілігі жөнінде жинаған құнды деректері келтірілген. Тарихи құжат тұрғысынан өте шынайы әрі маңызды дереккөз болғандықтан, қаншама ғасыр өтсе де тарихшылар әлі күнге шейін ибн Фадлан еңбегіне сүйенеді. Араб жиһанкезі викингтердің өмір салты туралы да керемет жазбалар қалдырған.

Мәселе • 15 Қаңтар, 2025

Жұрт пікірін екіге жарған су мәселесі

Халықты ширек ғасырдан аса уақыт бойы үздіксіз ауызсумен қам­та­масыз етіп келе жатқан «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС мен жер­гілікті әкімдік арасында талас-тартыс басылмай тұр. Қала әкімдігі атал­ған кәсіпорынды стратегиялық нысан ретінде мемлекет меншігіне қай­таруды көздесе, серіктестік басшылығы оны заңсыз деп тауып, өз қар­сылығын білдіріп жатыр.

Шымкент • 11 Қаңтар, 2025

Бәсекелестікті күшейтетін бастама

Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде халықпен есептік кездесу өткізіп, атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Аймақтар • 09 Қаңтар, 2025

Жаңа терминал ашылды

Шымкент әуежайында жаңа терминал іске қосылды. Бұл шаһардың әуе қақпасының мүмкіндігін анағұрлым арттыра түспек. Инфрақұрылымдық жаңғырту бағытындағы ауқым­ды жоба сөзсіз қала өміріндегі айшықты оқиға болып тұр.

Заң мен Тәртіп • 24 Желтоқсан, 2024

Бюджет қаржысын жымқырғандар жазасын алды

Шымкент қалалық прокуратурасы қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының бастығы Бақытжан Байғозиев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жасөспірімдерге қатысты құқықбұзушылықтар жөнінде статистикалық мәліметтерді баяндады. Ол биыл 11 айда мегаполисте жасөспірімдер жасаған қылмыс саны азайып, кәмелет жасқа толмағандарға қарсы жасалған қылмыс саны өскенін айтты.

Шымкент • 24 Желтоқсан, 2024

Үнемшіл әрі үлгілі кәсіпорын

Үкімет энергетика, ком­муналдық шаруашылық саласын жаңғырту мақ­сатында ұлттық жоба әзірлеп жатыр. Құжат жақында қабылданады. Шым­кент қаласын сумен жабдықтаушы мекеме «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС Ұлттық жобада үлгілі кәсіпорын ретінде қарастырылып отыр.