Әнуар ЖҰМАШБАЕВ
Әнуар ЖҰМАШБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
452 материал табылды

Жұмысшы мамандықтар жылы • 14 Ақпан, 2025

Жұмысшы мамандықтарға сұраныс жоғары

Қазақстандағы еңбек нарығын негізінен жұмысшы мамандар құрайды. Статистика бойынша елімізде жұмыс істейтін мамандардың жартысынан көбісінде (52%) кәсіби немесе техникалық білім бар. Дегенмен, соған қарамастан таяу болашақта жұмысшыларға деген сұраныс арта түседі.

Технология • 14 Ақпан, 2025

Ғалам өзгеріс алдында тұр

Бүгінде қоғам назары жасанды интеллектіге ауған. Өйткені жобалар мен ғылыми зерттеулердің дені жасанды зерде арқылы іске асып жатыр. Шынында да, ЖИ-ді адамзат тарихында революциялық жаңалық деп айтуға болады. Сарапшылардың пікірінше, ЖИ адамның бес сезім мүшесінің бірін қайталай алатын немесе адам санасына ұқсас ой жүйесі бар бағдарламалардан тұрады. Мысалы, көру және естігенін тану қабілетіне ие жүйелер – ЖИ-дің бір түрі. Сонымен қатар адам кейпіндегі роботтар да ЖИ көмегімен жасалған. Қазіргі уақытта жасанды зерде өндіріс орындарында, әскери салада, дрондар мен зымыран жасауда кеңінен қолданылып жатыр.

Ғылым • 06 Ақпан, 2025

Шетелдік оқу орындарының мүмкіндіктерімен танысты

М.Әуезов атындағы ОҚУ-да Study in Kazakhstan атты еліміздегі шетелдік ЖОО-лардың 20 филиалының көрмесі өтті. Аталған іс-шарада мектеп бітіруші оқушылар ата-аналарымен бірге Қазақстан университеттерінің жанынан ашылған шетелдік ЖОО филиалдарының ұсынған мамандықтарымен танысуға мүмкіндік алды. Шетелдік филиалдардың ішінде Аризона, Ковентри, Херриот-Уотт, Гонконг, Анхальт, Бейжің тіл және мәдениет университеті, М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті секілді әлемдік рейтингтің көшбасында тұрған жоғары оқу орындары болды. ЖОО филиалдарының көрмесін тамашалаған Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев іс-шараның сәтті өтуіне тілектестігін білдірді.

Құқық • 06 Ақпан, 2025

Жастар арасындағы қылмыс алаңдатады

Шымкент қаласының прокуратурасы өткен жылы атқарылған жұмыс­тарды қорытындылады. Бас прокуратураның қызмет басшысы қатысқан кеңейтілген отырысты қала прокуроры Ғабит Мұқанов ашты. Қала прокурорының бірінші орынбасары Нұрғали Жомарт өз баяндамасында шаһарда қылмыс саны жылдан-жылға азайып келе жатқанын ал соттағы тоқтатылған істер артқанын атап өтті.

Білім • 04 Ақпан, 2025

Тәшенев жастарының озық идеясы

Жуырда Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Шымкент қаласына іссапармен келді. Жұмыс сапары аясында министр шаһардағы іргелі оқу орындарының бірі Жұмабек Тәшенев атындағы университетінде болып, студенттердің идеясымен құрылған  «EDU AI» жасанды интеллект орталығының жұмысымен танысты. Роботтехника зертханасында жасалып, қолданысқа енгізілген құрылғыларды көрді. Сондай-ақ сала басшысы жасанды интеллект пен роботтехника саласы бойынша білікті маман даярлау ісіне мән берген университет басшылығына алғысын білдірді.

Өндіріс • 31 Қаңтар, 2025

Қазақ кілемі – әлемдік нарықта

Қаңтардың 7-10 күндері аралығында «Бал Текстиль» ЖШС алғаш рет еліміздің атынан Түркияда өткен «CFE 2025 Carpet and Flooring Expo» халықаралық көрмесіне қатысып қайтты. Шымкенттегі «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан кәсіпорын кілем өнімдерін шығарумен айналысады. Халықаралық көрмеде компания тауарларды «Bal Carpet» брендімен таныстырды. Серіктестік басшысы Талғат Ысқақовтың айтуынша, фабрикада 500-ден аса адам тұрақты еңбек етеді.

Шымкент • 29 Қаңтар, 2025

Құрметке лайық, қамқорлыққа зәру

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялағаны белгілі. Осыған орай Үкімет тарапынан арнайы жоспар әзірленді. Соның негізінде Шымкентте де өңірлік іс-шаралар жоспары бекітілді, оны үйлестіретін өңірлік штаб құрылып, құрамы айқындалды.

Шымкент • 28 Қаңтар, 2025

Жол сапасына мән бермегендер жазаланды

«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» мекемесінің Шымкент қалалық филиалы былтыр жол құрылыстарын тексеру мақсатында 843 рет нысандарға шығып, сараптама қорытындысымен 228 ақау мен кемшіліктерді анықтаған. Оның 178-і қалпына келтірілсе, қалғаны әлі орындалып жатыр. Сараптама барысында 1 494 жол-құрылыс материалы іріктеліп алыныпты. Мамандар 621 сынаманы нормативтік талаптарға сәйкес келмейді деп тауыпты. Осындай сапасыз жол-құрылыс материалдары бойынша қазір сәйкестендіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Айбын • 23 Қаңтар, 2025

Жылдың үздік жауынгер-спортшысы

Қазақстанның үздік әс­ке­ри қызметшілерін анық­тау үшін жыл сайын «Әс­кер тарланы» атты бүкіл армиялық конкурс өт­кі­­зіледі. Өткен жылғы осы байқауда Шымкент қа­ла­сындағы 35748 әскери бө­лі­мі мергендер взводының аға сержанты Асылбек Қара­бай жеңімпаз атанды. Ол табандылық пен жо­­ғары әскери дайын­дық нә­­ти­жесінде «жауын­гер-спорт­­шы» деген аталымын же­ңіп алды.

Қоғам • 18 Қаңтар, 2025

«Мархабат» журналы қанат қақты

Әл-Фараби атындағы Шымкент қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің, сондай-ақ, халықаралық «Түркі әлеміне қызмет» сыйлығының иегері, Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы, белгілі жазушы Мархабат Байғұттың 80 жылдығына орай «Мархабат» журналы мен Markhabat.kz әдеби-ақпараттық портал таныстырылымы болып өтті. Жиынға жазушының үзеңгілес серіктері, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, идеология саласына жауапты Шымкент қаласы мен Түркістан облысы әкімдерінің орынбасарлары, сондай-ақ Жамбыл облысынан арнайы қонақтар қатысты.