Сотта анық болғаны кәмелет жасына толмаған А. есімді адам 2025 жылғы 21 шілдеде Telegram әлеуметтік желісі арқылы үйді тазалап беретін қыз-келіншек қажет деп жарнама береді. Жәбірленуші марқұм осы жарнама бойынша хабарласып, сол күні үйді тазалап, келіскен еңбек ақысын сұраған. Алайда, А. осы еңбек ақыны төлемеу мақсатында жәбірленушіні өлтіріп, оның ұялы телефонын иемденіп алған.
Кәмелетке толмаған сотталушының кінәсі, өзінің, жәбірленушілердің, куәлердің жауаптарымен, сараптама тұжырымдарымен және заттай дәлелдемелермен дәлелденді. Сот, жаза тағайындаған кезде сотталушының қылмыстық жауапкершілігін жеңілдететін мән-жайлар ретінде оның жасы кәмелетке толмағанын және істеген іс-әрекетіне шынайы өкініш білдіргенін ескерді. Іс бойынша сотталушының қылмыстық жауапкершілігін ауырлататын мән-жайлар анықталмады.
Сонымен сот А.-ны Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігімен, сондай-ақ осы Қылмыстық кодекстің 188-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, оған қылмыстардың жиынтығы бойынша 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сотталушы жазасын кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтейтін болады. А.-ға қатысты қылмыстық іс жабық сот отырысында қаралды.
Үкім әлі заңды күшіне енбеді.
Шымкент