Референдум • Бүгін, 10:33

Шымкентте ұландықтар референдумда алғашқылардың бірі болып дауыс беруді аяқтады

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 6506 әскери бөлімінің әскери қызметшілері жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдумға алғашқылардың бірі болып қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкентте ұландықтар референдумда алғашқылардың бірі болып дауыс беруді аяқтады

Әскери бөлім аумағында орналасқан №89 сайлау учаскесі таңғы сағат 06:00-де өз жұмысын бастады. Жеке құрам дауыс беруге белсенді қатысып, өздерінің азаматтық ұстанымдарын көрсетті. Учаскеде барлығы 618 мерзімді әскери қызметші дауыс берді.

Маңғыстау облысында 261 референдум учаскесі ашылды

Әскери қызметшілер белгіленген тәртіппен учаскеге келіп, ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауға өз үлестерін қосты.

«Мен үшін референдумға қатысу – еліміздің болашағына өз үлесімді қосудың мүмкіндігі. Біз әскери қызметте болғанымызға қарамастан, шет қалмай, азаматтық борышымызды орындау маңызды», деді қатардағы жауынгер Серік Жанғалиев.

Алматыда тәуелсіз байқаушылар заңбұзушылықтар тіркелмегенін мәлімдеді

Соңғы жаңалықтар

Ұлытау облысының әкімі дауыс берді

Референдум • Бүгін, 11:09