Шымкент • 04 Мамыр, 2024

Тазалық тәрбиесі

45 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Шымкентте «Таза Қазақстан» республикалық экология­лық акциясы аясында «Өнегелі ұрпақ» апталығы басталды. Апта бойына мегаполисте көптеген тазалық іс-шара­лары қолға алынды.

Тазалық тәрбиесі

Апталық аясында қала­дағы «Абай саябағында» «Ұр­пақтар сабақтастығы» атауы­мен ата мен немере­лер­інің тазалық акциясы өтті. Осындай үлгі мен да­на­лықты дәріптеп, кейінгі жас ұрпақтың бойында та­биғатқа, қоршаған орта­ға деген жанашырлық, қам­қорлық сезімдерін қалып­тас­тыру мақ­сатында ұйым­дастырылған іс-шара­ға О.Рах­манбердиев, Ш.Мыр­зах­метов, К.Төлебаев, Б.Тұрға­раев, Қ.Сыздықов се­кілді қала­дағы бірқатар мем­лекет және қоғам қайрат­кер­­лері, еңбек ардагерлері қа­­тыс­ты. Жалпы, «Ұрпақтар са­бақ­тастығы» акциясындағы жұ­мыстарға 500-ге жуық адам атсалысып, саябақ ішін тазалап абаттандырды.

– «Таза Қазақстан» бастамасы аясында шаһарымызда көптеген игі іс жалғасын тауып жатыр екен. Соның бірі – «Өнегелі ұрпақ» апта­лығы. Осыған орай немере­лерімізбен бірге саябаққа ке­ліп, тазалы­ғына үлес қо­сып жа­тырмыз. Біз­дікі – өсіп келе жат­қан ба­ла­ла­ры­мызға, жас­тар­ға өне­ге, үлгі болсын деген ниет. Жас­­тардың үлкен­дерге, қария­­ларға көмек көрсе­т­кені, игі істерге мұры­н­дық бол­­ғаны қандай жарасым­ды. Өз басым акция ұйымдасты­ру­­­­шы­ларына алғысымды біл­ді­ре­мін, – деді абыз ақсақал О.Рахманбердиев.

Тазалық жұмыстары барысында мегаполистің еңбек ардагерлері тұрып жатқан үйлер­дің аулалары тазаланды, шөбі оталып, ағаштар әктеліп, қоқыс қалдықтары сырт­­қа шығарылды. Осынау акция кезінде Шымкент қа­ла­сы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек бастаған бір топ белсенді жас, еріктілер Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Нина Мосунованың шаңырағында болып қайтты. Жастар ауланы тазартып, ағаш түптерін қопсытып, қор­­шауларды сырлады. Осы тұста айта кеткен жөн, шаһар­да бүгінде көзі тірі екі соғыс ардагері ғана қалды. Соның бірі – Нина Мосунова. Қария биыл 100-ге келіп отыр. Ол 1942 жылы әскерге өз еркі­мен аттанып, Можайск маңын­­дағы соғыста қолына пу­ле­­мет алып, жауға қарсы шық­­қан. Соғыстан соң кассир, кі­тапханашы, хатшы-маши­нистка болып қызмет істеген. Қарияның 2 немере, 5 шөбересі бар.

– Бүгінгі ұрпаққа бей­біт өмір сыйлаған соғыс және тыл ардагерлерінің ерлі­гін бағалау – халқымыз үшін парыз. Біз – арда­герле­рімізді ардақтап, қарт­тарымызды қадірлейтін ха­лық­пыз. Ендігі міндетіміз – көзі тірісінде осы кісілерге барын­ша қамқорлық жасап, көмегімізді аямау. Сондықтан Сізге жеңіс пен бүгінгі бейбіт күндеріміз үшін алғыс айтамыз, – деді қала әкімінің орынбасары С.Құранбек.

Нина әжей қала орталы­ғын­дағы алақандай үйде не­ме­ресінің қамқорлығында тұрып жатыр. Көмекке келген жастарға ризашылығын ай­тып, тіпті көзіне жас алып қалды. Отан үшін отқа тү­сіп, қан майданнан жеңіс­пен оралғаны, бүгінгі бейбіт күндерді көргені үшін тағ­дыр­ға басын иеді. «Енді со­ғыс деген зұлматты жас­тар көрмесін. Елімізде тек бей­бітшілік болсын», деді қарт ана тілегін арнап.

«Өнегелі ұрпақ» апталы­ғы «Менің мектебім» атты жобаға жол сілтеді. Соның аясында жоғары сынып оқу­шылары мектеп ауласына ағаш көшет­терін отыр­ғызды, мектеп ауласын тазалап, гүл екті. Бұған қоса «Түлектер аллеясы» акциясы барлық білім беру мекемелері үшін жақсы дәстүрге айналып келеді.

Бұл тек қоғамдық пайда­лы жұмыс емес, оқушы­лар­дың өз  мек­тебін, туған қаласын көгал­дандыруға қосқан үлесі деп қабылдаған жөн. Сонымен қатар мектеп оқушылары «Өнегелі ұр­пақ» апталығында ардагер­лер мен қарттардың үй ауласын тазалап берді. Ұйым­дастырушылар таза­лық акциясының оқушы­лар­ды экологиялық мәде­ниет­ті қалыптастыруға, таби­ғат­қа ұқыпты қарауға, еңбек­қор­лыққа, қоршаған ортаны таза ұстауға баулитынын айтады.