Әскер • 27 Наурыз, 2023

Олимпиададағы оң нәтиже

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық әскери жоғары оқу орындарының командасы ТМД жоғары білім беру ұйымдары курсанттарының VII Халықаралық олимпиадасында жақсы нәтиже көрсетті.

Олимпиададағы оң нәтиже

Армия генералы А.В.Хрулев атындағы әскери мате­риалдық-техникалық қамтамасыз ету академиясының базасында өткен зияткерлік сайысқа Армения, Әзербайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан әскери жоғары оқу орындарының курсанттары қатысты.

– Олимпиада үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде – курсанттар бағдарлама жасау машығын, екіншісінде – кеңсе бағдарламаларымен жұмыс істеу қабілетін көрсетті. Үшінші кезең командалық болды. Балалар ақпараттық сауаттылықтың жақсы деңгейін көрсетті, – деді команда жетекшісі, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының жаратылыстану-ғылымдары пәндері кафедрасының бастығы Раушан Игілікова.

Олимпиада қорытындысы бойынша Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының командасы үшінші орынға табан тіреді. Бұл қарамда Қуаныш Ербай, Дастан Қанат және Сергей Ли сынды курсанттар бар.