Армия генералы А.В.Хрулев атындағы әскери материалдық-техникалық қамтамасыз ету академиясының базасында өткен зияткерлік сайысқа Армения, Әзербайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан әскери жоғары оқу орындарының курсанттары қатысты.
– Олимпиада үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде – курсанттар бағдарлама жасау машығын, екіншісінде – кеңсе бағдарламаларымен жұмыс істеу қабілетін көрсетті. Үшінші кезең командалық болды. Балалар ақпараттық сауаттылықтың жақсы деңгейін көрсетті, – деді команда жетекшісі, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының жаратылыстану-ғылымдары пәндері кафедрасының бастығы Раушан Игілікова.
Олимпиада қорытындысы бойынша Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының командасы үшінші орынға табан тіреді. Бұл қарамда Қуаныш Ербай, Дастан Қанат және Сергей Ли сынды курсанттар бар.