Мәселе • 28 Наурыз, 2023

Мәшһүр қонысы абаттануға тиіс

322 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Алмағайып заманның ыңғайына қарай Мәшһүр Жүсіптің зираты үш рет бұзылып, үшіншісінде 2006 жылы Ескелді жотасына үлкен кесене тұрғызылғаны жұртқа аян. Алайда сол маңаттағы ата қонысы – Сарыбұлақты үйінің маңын жаңғырту, көріктендіру ескерілмеді. 2000 жылы Мәшһүр Жүсіптің шөберелері Абай Шарапиев пен Жастілек Көпеев төбесі құлап, іргесі ғана қалған орынға шатырлы үй салумен ғана шектелді.

Мәшһүр қонысы абаттануға тиіс

Қасиетті ата қонысты Лев Толс­той­дың «Яс­­ная полянасындай» қыл­масақ та, адам­дар іздеп келетін кө­рікті мекенге­ айналдырсақ деген­ ой Мәшһүр ұрпақтарына маза­ бермейтін. Оның үстіне бұл Мәш­һүр ата аруағына тағзым ете келу­шілердің де арман-тілегі еді. Мәш­һүр­ атаның ізі қалған, шипа­лы бұ­ла­ғы ағып жатқан қасиетті қоныс­ты­ жаңғырту, жаңалау, қалпына кел­ті­ру­дің сәті 2021 жылдың 19 ма­мырында ата­ шөбересі Абай Ша­ра­пиев құрған «Мәш­һүр­ Жүсіп» қо­ғам­дық қоры арқылы бас­тау алды. 2020 жылдың 6 маусымында қор­ төр­ағасы Абай Шарапиев екеуміз ата­­ қонысын көріктендірудің сызба­сын­ сы­зып, жобасын жасадық. Есепшотта бір тиын­ жоқ. Ойымыз – 1 гектар аумақты қор­шау, сол жерге­ ағаш отырғызу, бұлақ кө­зін­ ашу, Баянауылдан Самарқанға, Еділ­ бо­йы­на дейін мінген арбасын қал­пы­на келтіру.

Құдайдың құдіреті, дәл осы­лай­­ бас­­талған жұмысымызға қол­дау біл­ді­­ру­шілер көбейе берді. А.Шара­пиев­пен қызметтес бол­ған Берік Са­­ғын­дықов қор­шау­­ жабдықтарын та­­уып­ берді. Кере­­кулік Дәулет есім­ді кәсіп­кер­­ тамыз-желтоқсан ара­лы­ғын­­да ау­мақ­ты қоршап шық­ты.­ Кесенеге тәу ету­­ге келген­ Б.Нұр­жа­нов атындағы ГРЭС-1 стан­­са­сының жігіттері бұлақ пен­ үй­­дің­ аралығына 20 түп қайың, 20 түп­­­ терек отырғызды. Сондай-ақ Қара­­­ған­ды, Көкшетау, Астана, Екі­б­ас­­тұз қала­­ларынан келген жандар­ да­ жиыны­ 40-тан аса шие, шырша,­ қарағаш секіл­ді­ ағаш­тар­дың ­көшетін сыйлады. Қор­ша­ла­тын аумақ­тағы ой-шұңқырды тегіс­теу жұ­­мыс­тарын Екібастұз қаласын кө­гал­­дан­дыру­мен айналысатын «Фло­ра» серік­тес­­тігінің басшысы­ Алексей Горбунов өз мой­нына алды.

Республикаға белгілі өнер­тап­қыш,­ аста­налық ғалым Нұрмағабет Нұр­­пейісов бұлақ көзіне сарап­тама­­ жа­сады. Бұлақ көзі былған­­бас үшін­­ Б.Нұржанов атын­дағы ГРЭС-1­­­ стан­­са­сының қаржы ди­рек­торы Нұр­лан Жаркенов бастаған аза­мат­­­тар­ бұлақтың үстін күркелеп жа­уып­ бер­ді. Осылайша, бұлақ төбесі, ай­на­­ла­сы жабылып, оның суын құ­­быр арқы­лы сыртқа шығарып, с­у­­ тұндырғыш шы­ғыр құдық жа­сап,­ бөрене ағашпен ше­ген­­­де­дік. Шығыр­ құдықты ағаш­ ше­­бе­рі Қанат Әбле­шев­ қона жа­тып­­ реттеп­ бер­ді. Бұлақ айна­ла­­­сын қажетті материа­л­­дармен көм­­­керуге, қосымша құдық қа­зу­­­­­ға,­ бұлақ пен үй арасына де­­ма­­­­­­ла­­­тын самалжай жасауға Талғат Ма­­сы­ғұтов демеушілік көрсетті. Өт­­кен жылдың қыркүйек айын­да экс­ка­­ватордың кө­мегімен бұлақ бо­йының 60 метр жері белуар­дан қазылып, ені де кеңіді. Мақ­са­ты­мыз – суы жерге сіңіп, қорысқа айналып жатқан бұлақ ішін, жылғасын тас­пен көмкеру.

Жазушы Дихан Әбілев пен Мәшһүрдің не­мересі Төлеу­бай Шарапиевтің си­паттауы бо­йын­ша, Мәшүр ата мін­ген трашпенке арба­ның нобай­ суретін салып, ауылдық жер­ден­ дайын арба доңғалақтарын іздестірдік. Шұға ауылының азаматы­ Қауаш Шілтібаев 4 доңғалақ әкеліп берді. Екі­бас­тұз­дық­ ұста Темеш Тайжа­ма­лов бір­ ай мерзімде трашпенкені құрас­тырды.

Жаз бойы еліміздің түкпір-түк­пірінен, Ресейдің Түмен, Ново­сібір өлкелерінен келушілер саны толастамады. Осы орайда Екі­бастұз қаласының №36, 18, 22 және «Зерде» мектептерінің оқу­шылары мен мұғалімдері, «Қай­нар» мәдени орталығының бала­ла­ры, Павлодар қаласындағы мек­тептердің оқушылары ағаш отыр­ғызуға, суаруға қолғабыс жаса­ға­нын айта кеткен жөн. Қаржылай кө­мек көрсеткендер де көп болды.­ Екібастұз қаласындағы №36 мектеп­тің­ директоры Гүлнәр Кеңесқызы, №22 гимназияның ұстазы Гүл­бар­шын­ Арқалыққызы бастаған жандар­ ата қоныста Мәшһүр оқу­ла­рын өткізді. Жаз бойы ата өсиетін, хик­метін тыңдауға, білуге, тағзым ету­ге мыңнан аса адам келді. Мәш­һүр­ шөбересі А.Шарапиев келу­­шілерге отбасымен қызмет көр­сетті. Былтыр бұл қонысына елі­міз­дің белгілі тұлғалары да тәу ете кел­генін атап өтейік.

Мәшһүр Жүсіп қонысын көрік­тендіру, жаңғырту, ашық музей жа­сау, мұрасын насихаттау, рухани­ орта­лық құру жұмысы жалғаса бере­ді. Ата тұрған үйді музей етіп жа­сап, қоныс үйді жеке салсақ деген де­ ойымыз бар.

 

Жұмағали ҚОҒАБАЙ,

«Мәшһүр Жүсіп» қоғамдық қорының құрылтайшысы

 

Павлодар облысы