Қоғам • 29 Наурыз, 2023

Ақмолалықтар тамақ қалдығын француз үлгісінде кәдеге жаратып отыр

272 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Осыдан бес ай бұрын Ақмола облысының Ақкөл ауданында тамақ қалдықтарын өңдейтін жаңа жоба іске қосылған еді. Онда француздық компания органикалық қалдықты шірітуге арналған 5 бірдей электрокомпостер құрылғысын орнатты. Жылына 125 тонна тамақ қалдығын өңдей алатын заманауи құрылғы Ақкөл ауданындағы балалар үйіне, орталық ауруханаға, ғарыштық байланыс орталығы кешеніне және «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының ғимаратына қойылды.

Ақмолалықтар тамақ қалдығын француз үлгісінде кәдеге жаратып отыр

Өңделген қалдық көлемін бақылауда ұстап отырған «Жа­сыл даму» АҚ ұйымы, жоба іске қосылған уақыттан бері атқа­рыл­ған жұмыстың алғашқы нәти­жесі туралы хабарлады. Бес айдағы мониторинг есебі бойынша электрокомпостерлер 5 тонна тамақ қалдығын өңдеп, одан 500 кг компост (қарашірік) алған. Яғни арнайы қондырғыға салынатын тамақ қалдықтары қарашірікке айналдырылған. Дайын қарашірік балалар үйі жанындағы бау-бақшаға тыңайтқыш ретінде пайдаланылатын болады.

ро

«Бұдан былай тамақ қалдық­тарын жерге көміп тастамай, қор­­шаған ортаға қауіпсіз әрі пай­­далы материалға айналдыру – эко­логиялық ұтымды ше­шімге айналып отыр. Әрбір элек­трокомпостердің күніне 50-ден 100 кг дейін тамақ қалдығын өң­дей алатын қуатын ескеретін бол­сақ, өңдеу көлемін бұдан бір­неше есеге жеткізуге болады екен. Алайда жиналатын тамақ қал­дығының көлеміне байланысты осы нәтижені көрсетіп отыр», дейді мамандар.

пр

Естеріңізге сала кетейік, тамақ қалдықтарын кәдеге жарату бо­йынша арнайы құрылғы орнатуды қаржыландыруға француз үкіметі 500 мың еуро грант бөлуге шешім қабылдаған болатын. Ақкөл ауданында жүзеге асырылып жатқан жоба аясында фрнацуздық компания мен «Жасыл даму» АҚ және жергілікті әкімдік өзара түсіністік жөнінде үшжақты меморандумға қол қойған. Қанатқақты жобаға жыл толғанда қорытындысы шыға­рылып, барлық ерекшеліктері мен жүзеге асырылған тәжірибе егжей-тегжей жарияланатын болады.

 ро

 пр